Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда алты айда атқарылған жұмыстар сараланды

Ауданда алты айда атқарылған жұмыстар сараланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 42 сессиясы өтті. Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ашып, жүргізіп отырды.
Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, құқық қорғау органдары мен облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі болды. Сондай-ақ, басқосуда аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет, кәсіпкерлік және құрылыс» жөніндегі тұрақты комиссия есебі, Қазалы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев жыл басынан бергі аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталды.
Ашып айтар болсақ, 2025 жылы аудан бюджеті 18,9 млрд. теңгеге бекітілді. Есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 27 млрд. теңгеге жеткен. Жыл басынан бюджетіміз 8,1 млрд. теңгеге артып, яғни 43 пайызға ұлғайған. 2025 жылдың 6 айы қорытындысымен өнеркәсіп өндірісі – 119,8, өңдеу өнеркәсібі – 119,9, ауыл шаруашылығы – 105,9, тұрғын үй – 106,6, сауда – 102,1, құрылыс жұмыстарының көлемі – 136,5 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 132,9 пайызға артқан. Биылғы жыл қазалылықтар үшін табысқа толы жыл болды. Мәселен жыл басталасымен ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Жайлы мектеп», «Руханият» орталығы, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Руханият сквері, Орталық алаң сынды нысандар мен абаттандырылған орындар аудан халқының игілігіне пайдалануға беріліп, Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылды. Бүгінде Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев, Ақсуат, Байқожа елді мекендерін газға қосу, Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендері таза ауыз сумен қамту, бірқатар ауылдардың электр желілерін қайта жаңғырту, Кардиология және инсульт орталығы мен «Қарлан» көпірінің, Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әрине, мұнан бөлек білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және басқа да салалардың барлығында да алға іргерушілік бар.
Сессия отырысында аудандық мәслихат депуттаттары ауданда 6 айда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да осындай аудан халқының игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге асуына тілектестіктерін білдірді. Сондай-ақ, көтерілген өзге де мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.
Басқосу соңында Жалғас Оңғарұлы ел ішіндегі жасалып жатқан нәтижелі жұмыстар аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарғандықтың нәтижесі екеніне тоқталып, алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
21 тамыз 2025 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031