Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚҰРЫЛАТЫН КАСАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

ЖАҢА ҚҰРЫЛАТЫН КАСАЦИЯЛЫҚ СОТТАРДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Фото: Н.Нұрболат
2025 жылдың шілдесінен бастап үш кассациялық соттар елордада жұмыс жасайтын болады.
Төменгі инстанциялардағы соттардың шешімдеріне келтірілген шағымдарды қарау үшін жаңа инстанциялар – дербес кассациялық соттар пайда болады. Олар – Қылмыстық, Азаматтық және Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттар. Аттары айтып тұрғандай, әрқайсысы өз саласындағы істер бойынша шағымдарды қарайды.
Касациялық соттарды құрудың негізгі мақсаттарына келсек сот әділдігін қамтамасыз ету. Кассациялық соттар сот шешімдеріне қосымша тексеру жүргізу арқылы заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етеді. Бұл инстанция қателіктерді анықтап, әділетсіз шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді.
Жоғарғы соттың жүктемесін азайту. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей Жоғарғы сотқа жолданатын болса, жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өз мойнына алып, Жоғарғы сотқа тек ең күрделі және маңызды істерді қарауға мүмкіндік береді.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру. Кассациялық соттардың енгізілуі сот шешімдерінің сапасын жақсартуға, заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуына ықпал етеді.
Ал, ерекшеліктеріне келетін болсақ - сот жүйесінің жұмысында
цифрландыру және қазіргі инновациялық бағыттарды кеңінен пайдалану. Өйткені, кассациялық соттардың жұмысында заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылады, бұл құжаттарды электронды түрде қабылдау мен қарау процесін жеңілдетіп, істі қарау уақытын қысқартады.
Кассациялық соттар Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жұмыс жасамақ. Олардың істерді қарау мерзімі алты айдан аспайды. Сот талқылауы тараптардың шақырылуымен ауызша жүргізіледі.
Кассациялық соттардың құрылуымен Жоғарғы Соттың рөлі де өзгереді, ол сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жоғарғы Сотта сот актілерін қайта қарау Жоғарғы Сот судьясының ұсынысы бойынша ерекше жағдайларда ғана, яғни егер оларды сот тәжірибесіне қайшы жергілікті немесе кассациялық соттар қабылдаған болса, мүмкін болады.
Жаныбек Бостандықұлы,
Қазалы аудандық сотының судьясы
18 наурыз 2025 ж. 103 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31