Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамзаттың Абайын ардақтады

Адамзаттың Абайын ардақтады

Жуырда Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының алаңында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – дара қазақта» атты аудандық поэзиялық кеш ұйымдастырылды.
Абай мұрасын ұлықтап, өлеңдері мен өнегесін кеңінен насихаттауға бағытталған кеш оқырман жүрегіне жол таба білді. Кеш шымылдығын аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театрының өнерпаздары қойған «Абай мен Тоғжан» атты әсерлі пролог ашты.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов «Абай – дара қазақта» атты аудандық поэзиялық кештің ашылуында сөз сөйлеп, ұлы ақын мұрасының маңызын ерекше атап өтті.
– Абай – ұлт руханиятының темірқазығы. Оның мұрасы – адамзаттық биік құндылықтармен сабақтас. Ақынның әр сөзі – өмір сабағы, әр өлеңі – тәрбие құралы. Сондықтан біз Абайды ұлықтау арқылы рухани тұғырдан түспейтін боламыз, – деді ол.
Сондай-ақ ол ақын шығармаларын насихаттау – бүгінгі ұрпақтың міндеті екенін айтып, осындай тағылымды шаралар арқылы Абайдың ой-өрісі мен даналығын кеңінен таныта беру қажеттігін жеткізді.
Поэзиялық кешке қатысушылар Абайдың терең мағыналы, ғибратты өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермен ықыласына бөленді. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» секілді туындылар жүрекке жетіп, тыңдаушыларды тебірентті.
Кеш барысында ақын Ғалия Орынбасарова да Абай шығармашылығына арнаған жырларын оқып, өз үнін қосты. Сондай-ақ аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көркем өнердің қадірін арттырды. Ойшыл ақын мұрасына құрмет көрсетілген бұл рухани кеш көрермен жадында ұзақ сақталары анық.
А. ЖҮСІПОВА
09 тамыз 2025 ж. 275 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031