Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда

Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда

Шиелі ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында бірқатар маңызды медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков мәлімдеді.
- Денсаулық сақтау - біздің аудан үшін ең маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда Шиелі кентінде 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп, нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Сондай-ақ ауданаралық аурухана базасында қосымша корпус салынып, оған МРТ құрылғысын орнату жұмыстары жоспарланған. Бұл тұрғындар үшін жоғары технологиялы диагностикалық қызметтің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұдан бөлек, «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық жобалар аудан халқының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, - деді Айтбай Насриддинұлы.
29 шілде 2025 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031