Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫ ВАГОН ЖӨНДЕУ ДЕПОСЫНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫ ВАГОН ЖӨНДЕУ ДЕПОСЫНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «Қамқор Вагон» ЖШС-нің Қазалы вагон жөндеу депосында көшпелі мобильді қоғамдық қабылдау өтті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған кезекті қабылдаудың мақсаты – жұмысшы мамандармен кездесу, оларды толғандырған мәселелерді тыңдау және шешу жолдарын қарастыру.

Қабылдау барысында теміржолшылар әр сала мамандарымен жолығып, өз сауалдарын ортаға салды. Әйтеке би кентіндегі көшелерді түнгі жарықтандыру, жол жөндеу, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштер және басқа да мәселелер көтерілді.

Сала өкілдері көтерілген мәселелер бойынша нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтарды бақылауға алды. Сонымен қатар, қаржыландыру мүмкіндігіне қарай, бюджет аясында кезекпен іске асырылатын жобалар туралы ақпарат берілді.

Айта кетейік, қоғамдық қабылдауға партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты, Қазалы вагон жөндеу депосының бастығы Талғат Әліпбаев, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Нұркен Ботабаев, сондай-ақ Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары және әлеуметтік, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өзге де салалардың жауапты мамандары қатысты.

#AMANAT
23 мамыр 2025 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30