Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жететіні белгілі болды

Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жететіні белгілі болды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі еліміздің пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзіміне қатысты жаңартылған деректерді жариялады.
Фото: Pixabay.com
Қазақстан — табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

Алтын — 30 жыл
Мыс — 38 жыл
Қорғасын — 156 жыл
Темір кендері — 957 жыл
Көмір — 350 жыл
Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
— Бұл — қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз. Ресурстық база тұрақтылығы — инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі, — деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін канадалық компания Қазақстанда сирек кездесетін пайдалы қазба өндіруге екінші лицензиясын алғанын жаздық.

14 шілде 2025 ж. 233 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031