Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты Қазалы ауданына кезекті жұмыс сапарымен барды

Мәжіліс депутаты Қазалы ауданына кезекті жұмыс сапарымен барды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов өңірдегі жұмыс сапары кезінде ауданға арнайы келіп, бірқатар құрылыс жұмыстарын бақылап, кәсіпкерлік нысандардың жұмыстарын көрді.

Іссапар аясында депутат Әйтеке би кентін көркейту бағытында жасалып жатқан Жанқожа батыр көшесін абаттандыру жұмысымен танысты. Аталған көше көлік қатынасындағы және адам көп жүретін негізгі көшелердің бірі саналады.

Биыл абаттандыру жұмыстарына 142 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер «Каз Элит Строй Сервис» ЖШС-і тарапынан қырлы тас төсеу, су бұрқақ пен шағын мафтар салу жұмыстары жүруде. Мұнымен қоса жоба аясында ойын алаңдары салынып, спорттық жабдықтар орнату сияқты басқа да жұмыстар жүргізілетін болады.

Осы күні халық қалаулысы өңіріміздегі «Руханият жылы» аясында жаңадан салынып жатқан «Руханият орталығының» құрылысымен танысты.

Музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіретін орталықтың құрылысы шілде айында басталған. Мердігер «АСАР» ЖШС-і іргетасы астын (подбетонка) құю жұмыстарын толық аяқтап, іргетасын құю жұмыстарын бастауда.

Өз кезегінде фракция мүшесі Мархабат Жайымбетұлы кент келбетіне сән беретін абаттандыру және құрылыс жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтап, халық игілігіне табыстау қажеттігін айтты.

#AMANAT
26 тамыз 2024 ж. 497 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031