Бастауыш ұйымда сайлаушылардың ұсыныстары тыңдалды

Ең алдымен Ғазиз Әлмәмбетұлы жыл ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған және атқарылып жатқан, сондай-ақ алда жасалатын шараларға тоқталып, аудан көлемінде мәслихаттың қатысуымен және мәслихатта атқарылған жұмыстар мен өзінің сайлау алдындағы бағдарламаларының орындалуы туралы хабарлама жасады. Бұдан бөлек партияның сайлауалды бағдарламасының ауданымызда орындалуы бойынша кеңінен ақпарат берді.
Кездесуде партия мүшелері өздері толғандырған мәселелері мен ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі Райымбек батыр көшесіне толықтай қиыршық тас төсеп, жарық шамдар орнату, Т.Әубәкіров көшесін жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Өз кезегінде Ғазиз Әлмәмбетұлы ұсыныс-пікірлерді тыңдай отырып, әр сұраққа жеке-жеке жауап берді. Бақылауына алып, оң шешілуіне жұмыс жасайтындығын атап өтті.
#AMANAT