Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – бірліктің белгісі

Сенбілік – бірліктің белгісі

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ауданда дәстүрлі түрде өткізілетін сенбіліктер – тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және туған жерге деген жанашырлықты арттырудың маңызды шараларының бірі. Аталған игі бастамаға аудан көлеміндегі барлық мекемелер белсене атсалысып келеді.
Осы орайда Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің ұжымы да сенбілік жұмыстарына бір кісідей қатысып, өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен атқаруда.

Сенбілік аясында бөлім қызметкерлері Жанқожа 3 км көшесінің бойында орналасқан «Жасыл белдеу» аймағын арамшөптерден тазартып, күл-қоқыс шығару сынды жұмыстарды ұйымдастырды. Бұл тек қана тазалық шарасы емес, ұжымдық рухты көтеріп, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын іс.

Тазалық – денсаулық кепілі. Ал таза орта – салауатты қоғамның негізі. Сенбілікке қатысу арқылы әрбір қызметкер туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып, келешек ұрпаққа өнеге көрсетті.

Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақтың тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
10 маусым 2025 ж. 314 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930