Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шебер қолдар: баланың өнері – болашақтың өрнегі

Шебер қолдар: баланың өнері – болашақтың өрнегі

Қазіргі заманда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қабілетін дамыту – ата-аналар мен ұстаздар үшін басты міндеттердің бірі. Осы бағытта ерекше көзге түсетін үйірмелердің бірі – «Шебер қолдар» деп аталады. Бұл үйірме – тек қолөнермен айналысу ғана емес, эстетика, шыдамдылық және еңбек сүйгіштік мектебі.

Қиял мен қол еңбегі түйіскен жерде

«Шебер қолдар» үйірмесінде балалар түрлі түсті қағаздармен аппликациялар жасап, әртүрлі бейнелер құрастырады. Бұл жұмыс түрі – ұсақ моториканы дамытып, бала зейінін шоғырландыруға үйретеді. Сонымен қатар моншақпен тоқу, жіппен кестелеу, жүннен бұйым жасау, құрақ құрау секілді ұлттық және заманауи бағыттар үйлесім тапқан.
– Үйірме балаларды әртүрлі жасанды затты өз ойларынша жасауда шеберліктерін көрсетуге шақыруды мақсат тұтады. Сол арқылы қолөнер өрісіні кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіруді көздейді. Сонымен бірге оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттырып, жетістіктерін бағалап көрсетеді.
Бүгінгі үйірменің міндеттеріне өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық дүниетанымын қалыптастырып үйрету жатады, – дейді үйірме жетекшісі Жанаргүл Тілеубайқызы.
Жалпы бағдарлама 2-6 сынып оқушыларына арналған. Аптасына 2 рет, жылына 144 сағат өткізіледі. Бұдан күтілетін нәтиже – жыл аяғында қатысушылар әртүрлі бұйым әзірлейді. Өзге оқушыларға қарағанда анағұрлым мағлұматтарға қанығып, шеберлігі шыңдалып, кеңейе түседі. Қиялынан туған дүниесін жасаған кезде бала бойындағы іскерлік, жауапкершілік, шеберлік сынды қасиеттер дамиды. Сондай-ақ алдына қойған мақсатына жетуде шеберлікке, еңбексүйгіштікке бейімделеді.
Әр бала өз қолымен жасаған бұйымы арқылы ішкі жан-дүниесін, көңіл-күйін білдіреді. Бірі гүлді білезік жасаса, екіншісі алқа тоқиды. Үшіншісі кесте арқылы ұлттық ою-өрнекпен терең мағына жеткізеді. Бұл – балалар үшін жеке жетістікке жету, өзіне сенімді болу жолындағы маңызды қадам.

Ұлттық мұраны бойға сіңіру

Үйірменің тағы бір артықшылығы – қазақтың дәстүрлі қолөнерін заманауи әдіспен үйретуінде. Құрақ құрау барысында балалар мата қалдықтарынан көз тартарлық бұйымдар жасап қана қоймай, әр оюдың мән-мағынасын да үйренеді. Бұл өз кезегінде балалардың ұлттық болмысқа қызығушылығын оятады.
Жанаргүл Ілиясова Қазалы аудандық оқушылар үйінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ұжымдастары арасында сыйлы, шәкірттеріне құрметті ұстаз «Қолөнер – бала дамуына әсер ететін күшті құрал» деген пайымды ұстанады. Балаларға ерекше көзқараспен қарайды. Сабақ барысында заманауи тәсілдерге жүгінеді. Оның осы ісі зая кетпей, түрлі байқаулар мен жарыстарда шәкірттерімен бірге жүлделі орындарға қол жеткізді, мәртебелі марапаттардан да кенде емес. Оның Азиза Ілиясова, Анель Ібайдулла, Айдана Қарасай, Інжу Садық, Маржан Садық есімді оқушылары және ерекше білім беруге қажеттілігі бар инклюзив балалары: Фархат Рахатов пен Арайлым Тоқтаболатова мақтанып айтарлықтай жетістіктен көрініп жүр.
– Мәселен, Азиза Илиясова – сурет салуға да, қолөнерге де өте бейім. Өте әдемі, ұқыпты жұмыстар жасайды. Қиялы ұшқыр, жаңа идеяларды жақсы ұсынады.
Анель Ібайдулла – тапсырманы тез түсінеді. Бәрін ұқыпты, таза етіп жасайды. Әрбір жұмысына жауапкершілікпен қарайды.
Айдана Қарасай – жүктеген істі уақытында және мұқият орындайды. Тиянақты, сабырлы, әрқашан бар күшін салып жұмыс істейді.
Маржан мен Інжу Садық – екеуі де өте қабілетті. Қолөнерге қызығушылығы жоғары. Шәкірттерім түрлі байқауда жүлделі оралады. Бас жүлде, бірінші және екінші орындарға ие болған.
Психологтар мен педагогтердің айтуынша, қолөнермен айналысу – баланың эмоциялық жағдайын тұрақтандырып, өзіне деген сенімділікті арттырады. Сондай-ақ шыдамдылық, ұқыптылық, дәлдік пен эстетикалық көзқарас қалыптасады. «Шебер қолдар» үйірмесінде жұмыс істейтін әрбір бала – ұсақ нәрседен үлкен мағына жасауға үйренеді.

Үйірме нәтижесі – көрме мен қуаныш

Әр тоқсан сайын ұйымдастырылатын қолөнер көрмелері мен байқаулар балаларға ерекше мотивация береді. Өзі жасаған бұйымның көрмеде тұруы – олар үшін үлкен жетістік. Бұл сәт – олардың еңбегі мен шығармашылығын елге танытатын уақыт.
«Шебер қолдар» – бұл жай ғана үйірме емес. Бұл – шығармашылық алаңы, ұлттық болмыс мектебі, балаға өмір бойы серік болатын дағдыны сіңіретін орта. Әрбір жас өрен осы үйірме арқылы өз «шебер қолының» қуатын танып, сұлулықты қолмен жасай алатынына көз жеткізеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
25 мамыр 2025 ж. 1 121 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930