Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржолда тоғысқан тағдыр

Теміржолда тоғысқан тағдыр

Әйтеке би кентінің тұрғындары Жетебай Ерекенов пен Айнагүл Жолдасов теміржол саласында аянбай тер төгіп келе жатқан ерлі-зайыптылар. Қиындығы мол саланың қыр-сырын терең меңгеріп, ел экономикасының артуына біркісідей үлес қосып жүрген жандардың еңбегі бүгінгі мақаламызға арқау болмақ.
Телефон арқылы тілдескеннен кейін жұмыс орындарына жол тарттық. Тасыр-тұсыр цех іші. Қызу тірлік басындағы жұмысшылар. Әркім өз ісімен айналысуда. Алғаш кездескен азаматпен амандықтан кейін слесарь Жетебай Ерекеновке келгенімізді айттық. Ол жол сілтеді. Біз іздеген жан жұмыс істеп жатыр. Өзіне қарай бағыт алып келе жатқан бізді көріп, сәл кідіріп, аз-кем әңгімелесті. Сөзден көрі, істің адамы екені көрініп-ақ тұр. Сауалдарымызға қысқа әрі нақты жауап беріп, жұмысын жалғастыруға асығып тұрғанын байқап, бізде көп созбақтауды жөн санамадық. Әр сөзін қойын дәптерімізге түртіп алып, қоштасып, цехтан ұзадық. Ендігі кезек Жетебай Ерекеновтің жары Айнагүл Жолдасоваға жолығу. Жұмыс орнында екен. Телефонмен алдына ала сөйлескеніміз бар, өзімізді таныстырғанда бірден: «Иә, келіңіздер» деп ілтипат білдірді. Алдымен отбасы туралы айтып беруді сұрадық.
Отағасы Жетебай Ерекенов Арал ауданы Қамыстыбас сатнсасында дүниеге келген. Ал жары Айнагүл Қазалының тумасы. Айнагүл 1988 жылдан бастап жұмыс істейді. Жолдасымен де осында жүріп танысқан. Көңілдері жарасқан екі жас 1992 жылы отау құрады. Отбасында екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. Ұлдары кәсіпкпен айналысады. Қыздары Ақтөбе қаласында мектепте ұстаздық қызмет атқарады.
Жетебай Ерекенов доңғалақ жөндеу цехында слесарь. Айнагүл Жолдасова вагон құрастыру цехында диспетчер болып жұмыс істейді. Ремонтталған жүк вагондарының құжаттарын дайындап, отчет жасайды.
Еңбек сүйгіш ерлі-зайыптылар жұмысына мығым, тапсырылған іске тиянақты. Отбасында да, жұмыста да жұбы жазылмаған олар әрқашан бастаған істі соңына дейін ыждаһаттылықпен орындайды. Әріптестерінің де кейіпкерлеріміз туралы пікірі оң.
– Теміржол аты айтып тұрғандай темірдей тәртіпті талап етеді. Мүлт кетуге болмайды. Бір адамның бейжай жасаған жұмысы мыңға кері әсерін тигізеді. Сондықтан әрбір істе бүге-шүгесіне дейін қарап, асқан жауапкершілік таныту керек, – дейді Жетебай Ерекенов.
Ал осы салада жұмыс істеп жүргеніме 37 жыл толыпты деген Айнагүл Жолдасова алғаш келген кездегі ағалық қамқорлық танытып, білгенімен бөліскен, ұстаз тұтқан жанның есімін ерекше атады.
– Ең алғаш жұмысқа келгенде жас болдық. Тәжірибесіз едік. Білгенімізден үйренеріміз көп болатын. Сол кездері Алпамыс Есмаханов деген кісі жұмыстың қыр-сырын үйретті. Ерінбей, жалықпай жақсы маман болып қалыптасуыма көмегін тигізді. Ден қойып, зер салсаң адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Бірте-бірте жұмысыма төселіп, үйренісіп кеттім, –дейді.
Балаларының мамандық таңдауына араласпаған теміржолшылар: «Әр адамның өз таңдауы, қалауы болады. Оған ешкімнің кедергі болмауы керек» деген ұстанымда.
– Иә, талай жыл теміржолда тер төгіп, нан жеп келеміз. Деседе ұл-қызымызға «осы жолды таңдауың керек» деген шарт қоймадық. Әрқайсысы өзі қалаған мамандықты меңгерді. Біреуі кәсіпкер боламын деп шешсе, енді бірі мұғалімдікті жанына жақын тұтты. Біз ата-ана ретінде тек әрдайым қолдау танытып, көмек керек сәтте қолұшын соза білдік, –дейді олар.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА


20 мамыр 2025 ж. 52 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 53

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 56

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031