Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАТЫР БАБАНЫҢ БОЛАТ ҚЫЛЫШЫ

БАТЫР БАБАНЫҢ БОЛАТ ҚЫЛЫШЫ

Кең байтақ қазақ даласында ел үшін, жер үшін басын бәйгеге тіккен батырлар көп. Азат елдің ақ таңы атуы үшін олар бар өмірін сарп етіп, күні-түні атқа қонды. Найзаның ұшымен, білектің күшімен елдіктің жолында жан кешті. Қан төкті, жан берді, қаны төгілді.
Солардың бірі – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
 Ол Кіші жүз Әлімұлы тайпалық бірлестігінің Кішкене Шекті руы¬нан шыққан. Атасы Киікбай батыр кісі болған. Ол туралы Елекей Қасымовтың 1847 жылы Жанқожа батырға жазған бір хатында: «Менің атам Әбілқайыр хан болған кезде сенің атаң Киікбай оның батыры, әрі биі болды. Сол кезде екеуі бірігіп Сырдария өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген қарақалпақтарды Хиуаға, Ырғыз бен Торғайды жайлап алған қалмақтарды қытай жерлеріне қуып тастап еді, біздің осы жерлерді еркін жайлап жүргеніміз – солардың арқасы» деп айтылған.
Батыр бабаның тарихтағы орны, ұлт-азат¬тық көтерілістің басшысы болға¬ны жөнінде кең мағлұматтар соңғы уақытта зерттелуде. Көптеп насихатталуда. Алайда жеке басына тиесілі жәдігерлер туралы дерек аз болған. Батырды оққа байлаған кезде әуелі атын алып кетеді. Одан соң қа¬ру-жарағы алынады. Қылышы да олжаға кетіп, әрі қарай Ресей ¬асқан екен. Ал биыл батырдан қалған жәдігер елге оралды.
Ақпан айында Жанқожа батырдың қылышын салтанатты түрде Парламент Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров пен Айдарбек Қожаназаров Ұлттық музей қорына табыстаған еді. Қылыш Украина жерінен табылған. Тапсырушылардың айтуынша, ХІХ ғасыр жәдігеріне жататын қылыш әйгілі қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлына тиесілі. Экспонаттың жалпы сипаттамасы: сәл қисық, бір қырлы жүзі толтырғышсыз. Сабы жоқ. Қылыштың өлшемдері: сабының ұшынан соңына дейін ұзындығы – 900 мм, қылыш жүзінің ұзындығы – 830 мм, негіздегі жүзінің ені – 33 мм, негізгі иілудегі қылыш жүзінің ені – 28 мм. Ал материал құрамы – болат (Fe).
Оны Ресей ғалымдары арнайы зерттеп, батырға тиесілі екенін дәлелденгені туралы хабар келген. Қылыштың бір бетінде төте жазумен «Созақ, 1845 жыл», ал екінші бетінде «Жанқожа Нұрмұхамедұлы баһадүрге сауғат (сыйлық)» деген жазу бар. Кей ғалымдардың айтуынша, 1845 жылы Созақты қоқандықтардан азат ету кезінде Кенесары Қасымұлы Жанқожа батырға сыйға тартқан екен. Жанқожа Нұрмұхамедұлы 17 жасынан бастап ел қорғау үшін атқа қонған. 86 жасында шайқас үстінде қаза тапқан. Бар ғұмырын еліне арнаған жаужүрек батырларымыз болмағанда, сол уақытта еліміздің оңтүстігінен айырылып қалуымыз мүмкін еді.
 Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров тарихи құнды жәдігерлерді музейге тапсырудың маңызы туралы айтқан болатын.
– Бірнеше уақыт бұрын маған атақты Жанқоша батырдың қылышын сатып алу бойынша ұсыныс келіп түсті. Аз қаражат емес, біраз ойлануға тура келді. Кейін әйтеуір бір келісімге келдік. Кәдімгідей ресми құжаты бар жәдігер. Содан не керек, ұлт-азаттық көтерілістің басында жүрген бабамыздың алмас қылыш семсерін бір-екі адам қызықтап отырғаны дұрыс емес, тұтас елге ортақ болсын деп Ұлттық музейге табыстап жіберген едік… Арада 3 күн өткен соң ойламаған жерден Қазалыға келемін. Ал Қазалы деген батыр бабамыздың туған топырағы, мазары да осы ауылдың төңірегінд. Енді осы қылыш Астанадағы Ұлттық музейдің төрінде тұрады. Батыр бабамыздың мұрасы бөтен елде қалмай, туған жердің топырағына оралды, – деді Айдарбек Асанұлы.
Жақында Қазалы ауданында Руханият орталығы ашылды. Алыстан көз тартып, менмұндалаған нысанның іші де ғажайыпқа толы. Салтанатты ашылу рәсіміне орай орталықтағы музейге Жаңқожа батырдың қылышы әкелінген. Музей қызметкерлерінің айтуынша қылыш 20-мамырға дейін осы жерде тұрады.
Айнұр ӘЛИ
17 мамыр 2025 ж. 45 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 47

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031