Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрмеулі мәселелер шешімін таппақ

Күрмеулі мәселелер шешімін таппақ

Түс ауа есеп беруші топ ақша бұлтты Ақтан батыр мен Сыр бойылық ағайындарды Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінде қолбасшылық еткен Жанқожа бабаның есімі берілген қос ауылға бет алды.
Есеппен танысқан әрбір ауыл тұрғындары көкейдегісін айту мүмкіндігін тиімді пайдаланды. Арықбалықтықтардың көптен көтеріп жүрген күрмеулі мәселесінің бірі - ауылдағы апаттық жағдайдағы білім ошағы еді. Бұл мәселені ауыл тұрғындары өткен жылғы кездесуде де көтерген. Қуанышқа орай "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтерер құрылыстың тізіміне аталған ауылға 300 орындық білім ошағы да кірістірілмек.
Мұндағы екінші өзекті мәселе ауыл тұсында орналасқан "Ащы" көлден нәпақасын тауып жүрген ағайынның қолын байлап отырған меншік иесінің шектеулері болып отыр.
Бұл сауалға аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы қажетті құжаттарды дайындап, мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтты.
Одан бөлек, ауыл маңындағы қорым басына қоқыс төгіп қорлағандар мен қаңғыбас иттер көрсеткен кесел және мал біткеннің көршілес үй аулаларын ластауы сынды арыз-шағым, ұсыныс-пікірлер айтылды. Жоғарыда аталған шағымдар бойынша ауданның полиция бөлімі тиісті тапсырмаларын алды.
08 ақпан 2023 ж. 348 0

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 216

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031