Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағдыр тудырған туынды

Тағдыр тудырған туынды

«Біздің елдің жігіттері» деп басталатын әнді білмейтін қазақ кемде-кем. Жігіттердің басы қосылса, жиындарда шырқалатын бұл әннің тарихы тым тереңде. Бүгінде бұл әннің қазақ аспанында қалықтағанына 35 жылға жуықтады. Тағдырлы әннің тарихына бойлар болсақ, қазақ жігіттерінің қандай намысты, қандай өршіл болғанын байқаймыз.
Бұл туындының авторларын қазақ жұрты ерекше құрметтейді. Өйткені олар қалың қазаққа өлмейтін осындай туындыны тарту етті. Бұл ән қазақ жігіттерінің бойтұмарына айналды десек артық айтпаймыз. Ақын Есенқұл Жақыпбеков пен композитор Жәкен Омаров тудырған туынды қазақ жігіттерінің намысын қайрап, жігерін жануға арналды.
Атқа мінген қазақ жігіттерінің әнұранына айналған ән Есенқұл ағаның шаңырағында туады. Ал оны қалың көпшілікке танытқан автордың өзі – Жәкен Омаров. Бертін келе біз Досымжан Таңатаровтың орындауында естіп жүрдік. Кейінгі толқын осындай қазақ ән қоржынында осындай рухты әннің барын білді.
Өлең авторы Есенқұл ақын 60 жасқа толуына орай түсірілген бір бағдарламада әннің шығу тарихын қысқаша баяндап береді.
– «Тәуелсіздік алмай тұрған кезде, бірақ елдің рухы оянған 1990 жылдары бір келімсектер біздің елді басынып, қыздарымыздың пәктігін аяқасты етіп, намысымызды таптап өктемсіп жүргенде, намысы бар қазақ жігіттері атқа қонды. Дауыс көтеріп, талап қойды, келімсектер біздің елден кетсін деген. Үлкен толқу болды. Бірақ, Құдайға шүкір, ел-жұрт аман. Сол ерлердің талабымен келімсектер, қарақшылар, өңкей ұрылар, анадан-мынадан қашқан, жамандықпен көзін ашқандар елден аластатылды. Тура сол уақыттарда Жәкен келіп қалды Ұзынағашқа. Үйге келіп, көзіне жас алып, «Есаға-ай, сіздің елдің жігіттері-ай, сіздің елдің жігіттері-ай!» дей берді. Менің де көзіме жас толып кетті. Сол жерде отыра қалып айттым: «Мен осыған өлең жазайын, сен ән жаз» деп. «Біздің елдің жігіттері» деген өлеңді сол табан астында жаздым, Жәкен сол жерде отырып, табан астында әнін шығарды. Ән шырқап қоя берді! Сол айтылған күнінен бастап қазақ аспанына шырқап қоя берді! Елдің рухын көтерген жігіттерге барып орындап беріп едік, көздеріне жас алды. «Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған» деген сөздің өзі көріпкелдік болды ма, сол жігіттердің біразы шейіт болып кетті. Мен ақынның әулиелігінен қорқам кейде... Сол сөзді айтпау керек пе еді, білмеймін. Солай болып кетті» – дейді Есенқұл Жақыпбеков ағамыз.
Тыңдарманның тиісті бағасын әлдеқашан алып үлгерген тағдырлы туындының біз білмейтін тарихы осылай.

Дайындаған
Арай ЖҮСІП
11 мамыр 2025 ж. 48 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 49

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 66

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031