Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 334 мыңнан аса адам жұмыс таба алмай, қиналып жүр

Қазақстанда 334 мыңнан аса адам жұмыс таба алмай, қиналып жүр

Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4% құрады
Қазақстанда 334 мыңнан аса адам жұмыс таба алмай, қиналып жүр
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы үш айында жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9398,0 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9392,0 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7290,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2101,6 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1% құрады.
Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 108,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,6%) және ауыл шаруашылығы (10,2%) салаларында байқалды.
Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% құрады.
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы сәуір айының соңына 334,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4% құрады.
Айта кетейік, жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
  • Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
  • Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» зЗаңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.



14 мамыр 2026 ж. 57 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031