Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыған серенадасы» қалай шыққан?

«Сыған серенадасы» қалай шыққан?

Шыныкерек, бұл ән өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында ғана халыққа кеңінентарады. Бірақ туынды осыдан алпыс жыл бұрын жарық қашыққан. Аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқов тірісінде бұл туындысын бүкіл ел сүйіп тыңдаған сәтін көрмей кетті. «Тасышы,тебіренші, о, гитара» дейтін бұл әннің авторы – вальс королі Шәмші Қалдаяқов.Сөзін ақын Қадір Мырза-Әлижазған.
ШәмшіҚалдаяқов бұл әннің шығу тарихын көзі тірісінде жалпақ жұртқа айтпаған. Бірақ өнержолындағы әріптестеріне айтып бергені бар екен. Жазушы-драматург Исраил Сапарбаевбұл әннің тарихын Шәмші ағамыздың өз аузынан естіпті.
Ақын, Мемлекеттіксыйлықтың иегері Исраил Сапарбайдың сөзінше, бұл ән 1963 жылы шыққан. Ол Шәмші Қалдаяқовконсерваториядан шығып қалған сәті екен. Оқудан шығып, ұнжырғасы түскен оның алдынан3-4 сыған қызы шығып, бал ашып берген. Қалтасында бар 5 тиынын берген соң, «Сенөнер адамысың, болашақ ұлы адамсың» депті.
«Сеніңкөңіл күйің жоқ екен. 2-3 күнбіздің тобырға барып, демал. Сенен ештеңе сұрамаймыз»дептісығандар. Сөйтіп, Шәмшіағамыз Алматыдағы қазіргі Тастақ ауданы тұрған жердегітобырға барыпты. «Екі-үш күн боламын деп едім, Изольдадегенқызекеуімізбір-бірімізге ғашық болып қалдық. Күнде мейрам, күнде той екен.Содан не керек, бір айдан аса уақыт сонда болдым” деп айтты Шәмші ағамыз», –деп еске алады жазушы бір сұхбатында.
Оныңайтуынша, бір айдан кейінсыған тобыры Алматыдан Тәжікстанға қарай кетпекболады. Сонда Шәмші мен Изольдақоштасып, таңда сыған тобыры шатырын жинап кетіп қалыпты.
«Кетіпбара жатқанда қыз қайта-қайтақарайды, көзіненжасағыпбарады, мен де қимаймын,жүрегімдіжұлыпәкеткендейболды. Оларкөкжиекасыпкетті. Солкездеыңылдап, осыәнтұтаскелді» дейді Шәмшіағам»,–депестелігінбөлістіСапарбай.
КейінШәмші Қалдаяқов Алматыда ақын Қадыр-Мырза Әлиді іздеп тауып, әнін қалдырып кеткен.
Артынша Исраил Сапарбайосы оқиғаның желісімен пьеса жазған, олМұхтар Әуезоватындағы Қазақ ұлттық драматеатрының репертуарында әлі де сахналанады.
Ұлы сазгердіңінісі Қадыр Қалдаяқовтың айтуынша, Шәмші бұл әнін бір әншіге берген, бірақ оныңорындағаны ұнамапты. Сондықтан композитор туындысын сандыққа салып тастаған.
Кейінненбұл әнді Рамазан Стамғазиев, Алтынбек Қоразбаев орындап, сахнаға шығарған.
Бірақ «Сыған серенадасының»қазіргі нұсқасын 1998 жылы Тоқтар Серіков орындай бастады. Алғашында Ұлықпан Жолдасовәннің аранжировкасын келтіріп, «Сыған серенадасын» өзі айтпақ болған. Кейін жасәнші Тоқтар сұрап келгенде бас тарта алмапты.
«СалтанатАйбергенова деген апамыз бар, Төлеген Айбергеновтің қызы. Шәмші атамыз бірде Төлегенатамыздың үйіне келіп, осы әнді фортепиано мен өзі айтыпты. Сонда Шәмші атамыз«Бұл әннің орындаушысы әлі дүниеге келген жоқ, дүниеге келіп, осы әнді жарыққа шығарады»депті. Салтанат апамыз менімен кейін арнайы кездесіп, осы естелігін айтып берген»,– дейдіТоқтар Серіков.
ӘзірлегенЖұмабек СМАНОВ
06 қаңтар 2024 ж. 538 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930