Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал «Наурыз-думан» әніне тұңғыш рет бейнебаян түсірілді

Танымал «Наурыз-думан» әніне тұңғыш рет бейнебаян түсірілді

 Танымал «Наурыз-думан» әніне тұңғыш рет бейнебаян түсірілді

«Жаңа жылға жаңа тарту! «Наурыз-Думан« әніне түсірілген тұңғыш бейнебаянның әлемдік тұсаукесері! 32 жыл шырқалған әннің алғашқы бейнебаянын әз Наурызға әзиз үмітін жалғайтын баршаға Jevis командасы ұсынып отыр. Ұлыс оң болсын, ағайын!», - делінген хабарламада. Әнді Роза Рымбаева, Мәди Сыздықов, AYREE, Қарақат Башанова, ӘMRE, Ержан Максим шырқады. Танымал әннің сөзі Мұқағали Мақатаевтыкі, әнін композитор Талғат Сарыбаев жазған.
 
«Наурыз мейрамының ал­ғаш тойлана бастаған кезі бола­тын. 1988 жылы Мұқағали Ма­қа­таевтың кітабын алып ар­найы композитор Талғат Са­рыбаевқа бардым. Ақынның «Наурыз-думан» өлеңіне ән жазып беруін өтіндім. Өзімнің болашақ туындыны қалай кө­ріп тұрғанымды сөзбен сурет­теп бердім. Композитор ойым­ды бірден түсінді. Мен қала­ған мінез бен стильде ән жазды. Жол­дасым Тасқын Оқапов – му­зы­каның білікті маманы еді ғой. Өзі режиссер, өзі композитор, өзі ән өңдеуші болатын. Жаңа туындыны бірден ұнатты. Содан «Наурыз-думанды» тұ­тас композицияға айналдыруды ұсынды. Оның ұсы­­ны­сымен әннің ортасына атақты «Шер­нияз» күйін қос­тық. Әннің ұлт­тық бояуы қа­лыңдап, тынысы кеңіп, қа­зақ­тың нағыз болмысын, қо­нақ­жай да дархан пейілін көз ал­дыңызға келтіретін ән­мен тың­дарман осылайша қау­ыш­ты» – деп Қазақстанның халық әртісі, атал­мыш әннің алғашқы орындаушысы Роза Рымбаева бір әннің тарихына қатысты өз естелігімен бөлісті. Клиптің режиссері Жансая Көпбаева, қоюшы операторы Еркінбек Пітірәлиев, суретшісі Бекен Нарбай. Әуенді өңдеуші Әли Оқапов.
21 наурыз 2021 ж. 2 859 0

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 44

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 89

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 138

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031