Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Фото: gov.kz
Қадірлі ағайын!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатынмерекенің халқымыз үшін орны ерекше. Бұл мерекеде еліміздің барлық тұрғындарының ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің жарқын көрінісі дәріптеледі.
Биыл елімізде береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына да 30 жыл толып отыр. Бұл да бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халқымыз үшін ерекше мереке.
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Бүгінде қасиетті Қазалы ауданы халқының бірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы – ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге. Игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сеніммен еңбек етуде. Бейбітшілік пен татулық, жұдырықтай жұмылған бірлік бізді бұдан да жарқын, баянды болашаққа бастайды.
Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға құт-береке, мол бақыт тілеймін!
Тыныштық пен бейбітшіліктің тал бесігінде тербелген халқымыздың татулығы мен бірлігі нығая берсін, еліміздің болашағы баянды, іргесі берік болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
01 мамыр 2025 ж. 206 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031