Жемқорлықты қалай жеңеміз?
Елімізде жемқорлықты жою бағытында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатса да аталған індеттен арыла алмай отырғанымыз шындық. Тек біз ғана емес әлемдегі өркениетті елдердің бәрі үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Өйткені, жемқорлық – ұлттың қауіпсіздігіне, елдің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Жемқорлық дертіне қалай душар болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда жетерлік. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Оның пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда парақорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтанды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам – көз қысты, бармақ басты лас істерден жанын таза ұстайды.
Азаматтарымыздың жан-дүниесіне мөлдірлік сыйлар рухани байлығымызды кең тұрғыда насихаттаумен айналыссақ, жетер жетістігіміз толымды болмақ. Рухани байлық пен материалды байлықты тең дәрежеде ұстай алғанымызда ғана қоғамымыздың дамуы орнықты болары сөзсіз. Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа айналар еді.
Осы уақытқа дейін жемқорлықпен күресу үшін түрлі әдістерді қолданып келдік. Соның ішінде, жемқорлық фактілерімен ұсталған азаматтарды жұмыстан қысқартып, ол лауазымға қайтаорала алмайтын тәсілдерді қолдандық, айыпқа тарттық, соттадық, қатаң түрде жазалап, түрмеге айдадық. Алайда, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбедік. Себебі, біреуін жазалағанмен, оның орнына келген екінші біреудәл сол қателікті назарда ұстап, жаңаданайла ойластырды. Тың амал табады. Адамнан қулық артылған ба?! Бар ойға алғаны өзінің материалдық деңгейін көтеру болғандықтан, ол да жемқорлыққа жол береді.
Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарынтереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз қажет.
Болашақтаөскелеңұрпақжемқорлыққажиренеқарауыүшінбізқандайәрекетжасап, оларғақандайбағытсілтейаламыз?! Бүгін, ертед емесек те, алдағы 10-15 жылдан кейін сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та, оның қазіргіден әлдеқайда әлсізденетіндігіне өз басым кәміл сенемін.Сол мақсатқа жету үшін әрбір отбасында, балабақшада тәрбиеленетін, мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты жас ұрпақбойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана біз оны қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз. Сол себепті, ұлтжанды азамат тәрбиесіне селқос қараудан аулақ болған жөн. Қайта, бар назарымызды ұрпақ тәрбиесіне шоғырландыра алсақ, жарқын болашаққа сенімді әрі нық қадам тастарымыз анық.
Нұрбек АҚПАНБЕТОВ