Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мол табыс тапқан 301 блогер салық төледі

Мол табыс тапқан 301 блогер салық төледі

Фото: коллаж BAQ.KZ
Мемлекеттік кірістер комитеті биыл камералдық бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам азаматқа салық бойынша хабарлама жіберді. Олардың ішінде 854 блогер бар, деп хабарлайды
BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық органдарының мақсаты – барлық жеке тұлғаның, соның ішінде блогерлердің де табысынан салық төленуін қамтамасыз ету. Бұл жұмыс камералдық бақылау арқылы жүргізіледі. Яғни салық органдары салықтық есептіліктерді, мемлекеттік деректерді және өзге де ақпарат көздерін сараптап, сәйкессіздіктерді анықтайды.
2025 жылы осындай бақылау нәтижесінде 80 мыңнан астам жеке тұлғаға, оның ішінде 854 блогерге хабарлама жіберілген. Бұл хабарламаларда табыс пен салық есебінде сәйкессіздік бары көрсетіледі. Бүгінде 301 блогер өз табысын мойындап, жалпы сомасы 9,4 млрд теңгені декларациялаған. Нәтижесінде олар мемлекетке 520,7 млн теңге жеке табыс салығын төледі, - делінген редакциямызға берген ресми жауапта.
Салық органдары блогерлерге қатысты ешқандай арнайы тексеріс жүргізілмейтінін мәлімдеді. Камералдық бақылау барлық салық төлеушілерге бірдей жүргізіледі. Блогерлер жеке тұлға ретінде қарастырылып, тек салық төлемеген жағдайда ғана ескерту алады.
Хабарлама алған азаматтар оған 30 жұмыс күні ішінде жауап беруі керек. Егер көрсетілген заңбұзушылықтармен келіспесе, салық органына түсініктеме жолдауға құқылы. Ал еш жауап берілмесе немесе түсінік дәлелсіз болса, толық салықтық тексеріс тағайындалады.
21 сәуір 2025 ж. 341 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 144

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 161

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 136

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 174

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031