Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Блогерлер салық төлей ме?

Блогерлер салық төлей ме?

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Елімізде қазір кәсіпкердің жылдық табысы 20 мың АЕК-тен (шамамен 69 млн теңге) асса, қосыл­ған құн салығын төлеуге міндетті. Мем­ле­кет­тік кірістер комитеті жариялаған мәлі­метте 600-ге жуық блогердің бұл межеден асып түсетін табысы бары және салық төлеуге байланысты сәйкессіздіктер анықталғаны айтылды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мамандар декларация тапсырған 594 тұлғаның табысына қатысты деректерді салыстырған. Бақылау нәтижесінде 53,3 млрд теңге сәйкессіздік бары анықталып отыр. Қазір заң бұзған вайнерлерге жаппай ескерту хабарламасы жіберіліп жатыр. Олар бір ай көлемінде табысына қатысты барлық ақпаратты ашық көрсетуі тиіс.
«594 тұлғадан жалпы көлемі 53,3 млрд теңге сәйкессіздік анықталды. Нәтижесінде, 13-14 ақпанда салық төлеушілерге хабарлама жіберілді. Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігі тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірме ұсынуы қажет», дейді Кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.
Осы орайда бұған дейін онлайнда оңай олжаға кенеліп келген «мотиватор» блогерлер, әншілер және түрлі әлеуметтік желі арқылы ақылы жарнама жасап, басқа да табыстың көзін тапқан инфлюенсерлерден маза қашты. Тіпті кейбір блогерлер өзінің осынша табыс та­уып жүргеніне таңғалып та жатқан көрінеді.
«Табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурста онлайн-жарнама жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу, т.б.) назар аударамыз. Көрсетілген міндеттемелер Конституцияда және Салық кодексінде белгіленген», делінген МКК мәлімдемесінде.
2023 жылы елдегі блогерлердің тізімін қыркүйек айы­нан бастап Ақпарат министрлігі Кірістер комитетіне жіпке тізіп берген. Әлеуметтік желі арқылы жарнама жасап, табыс тауып жүрген блогерлер 2023 жылғы 9 қыркүйекке дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс екені айтылған. Ал былтыр Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режімдері басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген елімізде блогерлердің барлығы дерлік жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін айтқан еді. Әйткенмен биыл бұл саладан ши шығып отыр. Мәселен, салық органдары PR маманы Әлішер Елікбаевқа 5 млн теңге қарызы бар екенін хабарлаған.
«Салық бойынша әріптестеріме хабарламалар келе бастады. Сомалар адам сенгісіз. Кейбіреулер 300 млн теңгеден астам салық төлемегені туралы хабарлама алды. Бұл олардың таза айналымы шамамен млрд теңгеге жетті дегенді білдіреді, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Сөйте тұра, мұндай сомаларды есептегенде нені негізге алғаны белгісіз. Енді олар мұнша көп табыс таппағанын дәлелдеуге мәжбүр», дейді ол.
Салық кодексіне сәйкес, бухгалтерлік есептер кейінгі үш жылға дейін күшінде болады. Жоғарыда аталған Мемлекеттік кірістер комитетінің тізімі де аталған мер­зімдегі табыстары екенін ескерсек, инфлюен­сер­лер­дің енді бұлтақтауға шамасы болмай қалатын түрі бар.
«Бұл мәселенің шығуы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе тіркелмеуге байланысты. Тіркелгендердің арасында кірісін жасырып қалатындар да жоқ емес. Блогер жарнамалық материалды кіріс емес, жеке аударым ретінде көрсетуге тырысады. Сөйтіп, мұндай қаражат жинала береді. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкердің жылдық табысы 20 000 АЕК-тен асса, ҚҚС төлеуге міндетті», дейді салық маманы Дина Құсайынова.

egemen.kz
21 ақпан 2025 ж. 109 0

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 118

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 81

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 104

Үйірмеде үйренер көп

21 ақпан 2025 ж. 96

Жайлы мектеп

21 ақпан 2025 ж. 190

"Түйін" жобасы қосылды

21 ақпан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728