Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Блогерлер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төледі

Блогерлер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төледі

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті.
Фото: Pixabay

Елімізде ресми түрде 745 блогер тіркелген. Олар осы жылдың 9 айында мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам салық төледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңының ережелеріне сәйкес инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада басқа да тұлғаларға ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Бүгінгі таңда Республика бойынша 745 блогер (тізім әлеуметтік желілерде – Instagram, Youtube, TikTok-та 20 мыңнан астам жазылушысы бар жеке тұлғалардан құрылған) бар. Салық кодексіне сәйкес, блогерлердің, оның ішінде жарнама беруден немесе ақпараттық өнімдерді жылжытудан түсетін табыстарға салық салынады», - деп атап өтеді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомство мәліметінше, егер блогер жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса немесе оның жылдық табысының мөлшері 12 ең төменгі жалақыдан асса (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы - 85 000 теңге, бұл 1 020 000 теңгені құрайды) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.
«Жалпы, отандық блогерлердің көпшілігі қазірдің өзінде кәсіпкер саналады және қолданылатын салық режиміне байланысты тиісті салықтарды төлейді. Мәселен, соңғы 9 айда олар 1 млрд 226 млн теңгеден астам сомаға салық төледі», - деді комитеттен.

30 қазан 2024 ж. 157 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930