Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарда «Қазақстан халқына» қорының жаңа әлеуметтік бастамалары талқыланды

Павлодарда «Қазақстан халқына» қорының жаңа әлеуметтік бастамалары талқыланды

Фото: Павлодар облысы әкімдігі/Валерий Бугаев
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қордың жаңа әлеуметтік бастамалары талқыланды, деп хабарлайды 
El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғаны үшін қорға алғысын білдірді.
Өткен жылы қор бөлген қаражат есебінен облыстың 8 мектебі заманауи үлгіде жабдықталды. Биыл Шарбақты, Успен, Железин аудандары мен Ақсу қаласының тағы 4 мектебін қамту жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласы бойынша 86 емделуші қажетті препараттармен қамтамасыз етілді, - деді облыс әкімі. 
Кездесу барысында 2025 жылдың қаржыландыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі қормен бірлесіп іске асыру жоспарланып отырған бірқатар өзекті жобаларды атап өтті.
Бүгінгі таңда балалар облыстық ауруханасында магниттік-резонанстық және компьютерлік томография аппараттарына қажеттілік өткір тұр. Кішкентай ем алушыларға МРТ басқа медициналық мекемелерде жасалады, бұл олардың жағдайына теріс әсер етеді. Жабдықтарды сатып алу медициналық көмектің жылдамдығы мен сапасын едәуір арттырады, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың, Ақсу қалалық ауруханасының, қалалық №1 және №3 ауруханалардың, сондай-ақ, облыстық кардиоорталықтың МРТ аппараттарын да жаңғырту қажеттілігі бар.
Сонымен қатар, ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 265 түрлі спорттық жабдықтарды жаңарту мәселесі де өзекті болып отыр.
Кездесу барысында Ләззат Шыңғысбаева талқыланған барлық мәселелерді қор басқармасы қарастырып, өңірмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынына және облыстың өзекті мәселелерін шешуде қолдан келгенше көмек көрсететінін жеткізді.
21 сәуір 2025 ж. 50 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930