Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Облыс әкімі Байқоңыр қаласының басшысымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгинмен кездесті.
Аймақ басшысы қаланы бірлесіп, дамытудағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік органдары арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өту жоспары талқыланды. Облыс әкімдігі мерейтойға қатысты іс-шаралар жоспарын бірлесіп пысықтауда.
Бұдан бөлек, кездесуде Байқоңыр қаласындағы инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, қаланың Бас жоспары, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы аясындағы сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жаңғырту және бес тұрғын үйдің құрылыс барысы қаралды.
Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстар одан әрі де жоспарға сәйкес іске асырылатынын айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
31 қаңтар 2025 ж. 366 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031