Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Облыс әкімі «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті.
«Аймақта 4 еншілес ірі кәсіпорын – «Байкен-U», «Хорасан-U», «Семізбай-U», «РУ-6» серіктестіктері уран өндірумен айналысады. Бұған дейін де өзіңізбен бірнеше рет кездесіп, бірқатар мәселені талқылаған болатынбыз.
Атап айтқанда, аймақтағы уран өндіруші компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін көтерген едік. Бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде оң шешімін тапты. «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында бірқатар ауқымды жұмыс атқаруда. Уран өндіруші компаниялар өткен жылы 751,3 млн. теңге салық төлеген. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда Мейіржан Юсупов екіжақты әріптестік одан әрі нығая түсетінін айтып, алдағы жоспарларын бөлісті.
Сонымен қатар, кездесуде Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы арқылы көпір салу, 13 шақырымға дейінгі жолды жөндеу мәселелері талқыланды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
19 қаңтар 2025 ж. 654 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30