Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баққа айналған балабақша

Баққа айналған балабақша

Қызылорда облыстық оқу орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Менің жасыл әлемім!» тақырыбындағы экологиялық білім беру жобасымен жұмыс жүргізетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында апталық ұйымдастырылды. Аталған бастамаға Қазалы қаласындағы №3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы да ерекше атсалысты. Сәуір айының 14 жұлдызында балабақшада «Табиғатты аялайық» тақырыбында апталықтың ашылуы салтанатты өтті.
Апталық балалардың «Табиғат тамашалары» көрінісімен ашылды. Бүлдіршіндер түрлі кейіпке еніп би биледі. Қызылды-жасылды жалаулармен көмкерілген балабақша ауласы керемет күйге енді. Ертегі еліндей құлпырып, көздің жауын алар көркімен көпшілікті еріксіз баурап алды.
– Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыруды қолға ала отырып, балабақшаның «Саялы бағына» жаңадан 50 түп жеміс және интродукцияланған ағаш түрлері отырғызылды. Балабақша ауласын көгалдандыру, көркейту үшін балалармен ата-аналары гүлзарларға түрлі гүлдер егіп, топ үлескілерін безендіруге атсалысты. Балаларды еңбекке баулу, экологиялық білімін жетілдіру мақсатында «Жасыл бақша» еңбек алаңында көкөніс көшеттерін егіп, күтімге алды. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға баулуда «Қанатты достарға қамқорлық» акциясы өткізілді. Акция барысында ата-аналар балаларымен бірге құстарға ыңғайлы, экологиялық таза, табиғи, жайлы ,әсем дизайнды ұялар жасап, балабақша ауласына ілді. Бүлдіршіндерімізді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар берілді.
Балабақша ауласын, туған өлкеміздің табиғатын көркейтуге,экологиялық жағдайын жақсартуға бүлдіршіндермен бірге ата-аналарымыз белсене атсалысты. Жасыл әлем –жасыл балабақшадан басталады. Біз балаларға бұл сөздің мәнін ұқтыруға аянбай жұмыс жасаудамыз, – дейді балабақша меңгерушісі Рабиға Қарымсақова.
«Менің жасыл әлемім!» апталығының екінші күнінде тәрбиеші Әлия Сембиеваның ұйымдастыруымен «Мен зерттеушімін» эксперимент, зерттеу іс-әрекеттері өткізілді. «Кішкентай зерттеушілер» үйірмесінде балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым эксперимент жасау, зерттеу жасауға қызығушылығын арттыру, қалдықтарды қайта өңдеу, жаңа зат жасауға үйрету мақсатында «Ағаш өсіруге арналған картон құты жасау» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Балалар қызығушылықпен орындады. Ал тәрбиеші Элмира Тауасарованың ұйытқы болуымен «Жас экологтар» үйірмесінде «Көбелек қалай пайда болды?» тақырыбында жоба қорғады. Мақсаты – балалардың тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту. Бақылау, эксперимент, еңбек ету барысында жәндіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды білуге дағдыландыру. Балалар көбелектің пайда болуы туралы жобаға аса қызығушылық танытты.
Апталықтың үшінші күні «Жаңа өмір сыйлаймыз» тақырыбына орай ересек «Балбөбек» тобы бүлдіршіндерімен «Жұмыртқа қабығының пайдасы» атты эксперименттік, еңбек іс-әрекеті өткізілді. Балалардың ізденістерін, зерттеушілік дағдыларын дамыту. Қалдықтарды қайта өңдеуге және ол заттарға жаңа өмір сыйлауға, жаңаша зат жасап шығаруға үйрету, еңбекке баулу мақсатында өткен шарада тәрбиеленушілер жұмыртқаның тағам ретінде пайдасымен қатар оның қабығының да пайдасының зор екенімен танысты . Жұмыртқа қабығын жуып, кептіріп, блендр арқылы ұсақтап еңбек етті. Жұмыртқа ұнтағынан гүлге, көгөністерге пайдалы табиғи тыңайтқыш. Балға қосып бетке арналған маска сондай ақ ұнтаққа сәл гипс қосып асық жасады. Балаларды үнемшілдікке баулып, қарапайым зерттеулер жасауға қызығушылығын арттырды. Іс-әрекетті өткізуші тәрбиеші Айдана Аяғанова. Осы күні «Жаңа өмір сыйлаймыз» тақырыбына орай балабақшада «Қағаз жинап, орманды құтқар» және «Түрлі-түсті қақпақтар» акциясы өткізілді. Балаларды табиғатты қорғауға, қалдықтарды жинауға, сұрыптауға, қайта өңдеуге және одан жаңа заттар жасауға дағдыландыру, еңбекке баулу мақсатында өткен акция барысында жиналған қақпақтардан тәрбиешілер мен ата-аналар, бірлесіп этно ою үлгісімен массажды жол және картонды қайта өңдеу арқылы гүл құтысын, қалдық матадан гүлдің ыдысын жаңаша дизайнмен жасады. «Ісмерлер» орталығында түрлі темір, ағаш, мата, қағаз қалдық материалдардан ойыншықтар, ауланы безендіруге арналған бейнелер жасады. Апталықтың төртінші күнінде балаларға дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру, еңбекке баулу мақсатында ересек «Ертөстік» тобында «Мен аспазшымын» желілі-ролдік ойын ойнатылды. Ойын барысында балалар тәрбиеші Айман Тұрсынбамен бірге пайдалы және денсаулыққа зиян тағамдарды ажыратып, өз қолдарымен пицца және тоқаш дайындады. Сонымен қатар апталық аясында балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулықтарына дұрыс қарауға, жеке бас гигиенасына дағдыландыру, дұрыс тамақтануға үйрету мақсатында «Алтын сақа» тобында «Менің жарқырауық тістерім» тақырыбында ойын іс-әрекеті өткізілді. Ойын барысында тәрбиеші Гүлжанат Өтеген балаларға пайдалы және зиян тағамдар, тіс күтімі, ауыз қуысының гигиенасы, ауызды шаю, тіс жуу тағы басқа әрекеттерді ойын арқылы үйретті.
Тәрбиеленушілерге керемет көңіл-күй сыйлаған апталықтың қортындысында балаларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру, қозғалыс ойындары мен жаттығуларына қызығушылығын арттыру мақсатында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбында флешмоб, қимылды, ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді. Шараға балалармен бірге ата-аналар, балабақша қызметкерлер белсене қатысты.
Осылайша бір аптаға созылған "Өрімтал" бөбекжай-балабақшасындағы «Табиғатты аялайық» тақырыбында апталық өз мәресіне жетті. Анадайдан менмұндалап көзтартып тұратын сәнді балабақша бүгінде жасыл баққа айналып, әсем ажары одан әрі арта түсті.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 сәуір 2025 ж. 71 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930