Жаңа реформа: мезгіл мен талап

Қосылған құн салығы деген не?
Қосылған құнға салынатын жанама салық түрі – қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын маңызды бөлігі, негізгі көзі.
Қосылған құн салығын алғаш жүйеге 1958 жылы Франция енгізіген. Қазір ол әлемнің 137 мемлекетінде қолданыста бар. Қатарындағы Сингпур – 9, Малайзия – 5, Оңтүстік Корея – 10 процент көлемінде төлесе, Норвегия, Швеция, Дания сияқты мемлекеттерде қосылған құн салығының көлемі – 25 процент.
Бизнес жүргізушілері, біріншіден, өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екіншіден, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы – қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығы салық кодексінде белгіленген көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар тағы басқа өнімдер үшін төленген материалдық шығынды шегере отырып есептеледі.
Жеке кәсіпкер және жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз ісін жүргізуде белгілі бір сәттен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелу міндеті туындауы мүмкін екенін ескеруі қажет. Қарапайым ұғымы осындай.
Өзгеріске те түрткі?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында салық жүйесін реформалау туралы маңызды мәселені көтерген болатын.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жиында Қазақстанда ҚҚС мөлшері – 12 процент екендігін, бүгінде салықтың 24 проценті қосылған құн салығынан түсетінін айтқан-ды. Өз сөзінде бюджет деңгейінің өріс алмауына салықтан жиналатын қаржының аздығы қолбайлау екендігін жеткізді.
Министр келтірген дерекке жүгінсек, қосылған құн салығының жалпы ішкі өнімдегі көрсеткіші небәрі 20 процент. Республикалық бюджеттегі үлесі– 10,8 процент.
Мәселе көтерілгелі бері мәлім болғандай, елімізде салық төлеу, оған деген көзқарас мәдениеті халық арасында әлі де төмен деңгейде.
Салық сарапшысы Мерей Жанахметқызы біздегі тұрғындар түсінігінде масылдық сана басымдығын айтады.
«Өткен жылдан бері төленіп жатқан арнаулы әлемуттік төлемді алуға бұл санатқа кірмейтін қаншама адам талап білдірген. Мақсаттары анық, оңай жерден ақша алу. Қайда барсаң да «салық ауыр», «банк проценттері көп» деген сылтау естисің. Салыстырмалы түрде қарағанда, біздің ел салық ережесі халыққа қолайлы елдердің санатына жатады», – дейді. Маман көршілес Өзбекстан елінде егін не бау-бақша егуге жалға жер алушылар межелеген өнімді ала алмаса да, артық алса да, мөлшерленген салық төлейтінін жеткізді. Сондай-ақ шаруаларға арналған мемлекеттік қолдау жыл санап артып отырғанын да атап өтті.
Президент Қ.Тоқаев Қазақстандағы экономиканың 3-тен бір бөлігі көлеңкелі экономика үлесінде екенін айтты.
Жыл басынан бері ақшаны сауда қатарлары қолма қол қабылдайтын талап қойып отыр. «Кюар» салығы қосымша табысқа шығын жамайды дейді саудагерлер.
Көлеңкелі кәсіптің көбін такси жүргізушілері жүзеге асырады.
««Индрайвер» қосымшасы бойынша шақыру түсіргенмін. Бірер минуттан соң тапсырыс қабылдаған такси жүргізушісі телефон шалып: «Тәте, «отказ» жасай салыңызшы, қалаған жеріңізге алып барамын» деді. Солай еттім. Екінші рет жағдай өзге көлік жүргізушісі арқылы қайталанды. Үшінші жүргізушіге: «Саған да солай етейін бе?» дегенімде, көрсеткішім түсіп кететінін, әріптестерінің салықтан жалтарғандарын жеткізді», – дейді кент тұрғыны Мәдина Есәлиқызы. Ал Айдана Еркінжанова келіншегінің номеріне ақша аудартатын азаматтар үшін ұялатынын айтты.
Кәсіпкер Роза Мақанова салық есептеу жүйесі әлі дұрыс емес деп есептейді.
«Мен қыз келіншектер киімдері саудасымен айналысушымын. Мәселен, Түркиядан 10 мың теңгеге алған көйлекті 30 мыңға сатамын. Делдал, жеткізу шығыны, орынға төлейтін төлемақы, өзге де міндетті төлемдер, отбасы кірісінің барлығы осыдан алынады. Ал біздегі салық жүйесі менің табысымды сатылған көйлектің толық құнымен есептейді», –дейді ол.
Кімдерге салық міндеттелген?
Былтырғы қыркүйектен бастап қаралған салықтық жүйеге тұжырымдамалық түзетулер енгізілді.
Қазақстанда 2 миллионнан аса салық төлеуші тіркелген. Олардың 4 проценті ғана, яғни құн салығын төлеп келген. Салықты төлеуге міндеттейтін шек тым жоғары екені себеп болған.
Үкімет бюджет-салық реформасының нәтижесінде қазынаға қосымша 6–7 триллион теңге қаржы түседі деп отыр.
Қосымша құн салығын арттырған кезде ірі бизнес өкілдері бұл өзгерістерді жеңіл қабылдағанмен, шағын және орта бизнес қиындыққа ұшырайды дейді кәсіпкерлер.
Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл туралы былай деп мәлімдеді.
«Қосылған құн салығы 16 процент болады. Шегі 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленеді. Үкімет пен депутаттар ортақ компромиске келді. Десе де айта кетейін, біз бұл шешім негізінде 160-қа жуық салық төлеушіні жоғалтып, шамамен 400 миллард теңге көлемінде бюджетке қосымша салық түсімінен айырыламыз. Сәйкесінше, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талаптарын барынша қатаңдатамыз. Қажетті нормалар дайын тұр», – деді сөзінде.
С.Жұманғарин жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлік иелері мен бұрын бұзушылықтар жасағандар үшін жаңадан кәсіпкер ретінде тіркелу қиындық тудыратынын айтты.
Айта кетерлігі, «Amanat» партиясы депутаттары қосылған құн салығы шегін төмендетуге қарлық танытып, оның көлемін 30 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынған болатын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қосылған құн салығының шегі 78 млн теңгені құрайды. ҚҚС-дан босатылатындар және жеңілдік қарастырылады.
Skifnews.kz ақпарат порталының айтуынша, Мәжіліс депутаты Асхат мәдениет, тарихи мәдени мұра және арнайы әлеуметтік қызметтер саласы ұйымдары қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Білім, ғылым, спорт, денсаулық сақтау ұйымдары үшін копераивтік салық мөлшерін 5 процентке төмендету, қатерлі ісік, орфандық, психикалық, жүрек-қан тамырлары,, бүйрек, аутоиммунды, диабет және басқа да күрделі ауруларды емдеуге бағытталған медициналық қызметтерді ҚҚС-тен босату; ал қалған бағыттар бойынша да ҚҚС қазіргі деңгейдегідей 0 процент күйінде сақтау немесе компромиссиы ретінде 5 процентке дейін азайту айтылғанын айтты.
«Аталған ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды ҚҚС-тен босату, ал басқа бағыттар бойынша да 0 процент, болмаса компромисс ретінде 5 процентке дейін азайту. Әдеби, көркем және ғылыми шығармалар үшін авторлық алымдарға салық жеңілдіктерін беру», – деді ол.
Банктік аударымдар, зейнетақы қорларының қызметі, төлем карталары бойынша операциялар сынды қаржылық қызметтерге қосылған құн салығының салынбауы, бұл саланың қымбаттауына жол бермеу мәселесі де қамтылғанын жеткізді.
Мәжіліс депутаты букмекерлік кеңселер, казиноларға салықты ұлғайтып, құрамында трансмайлар мен энергетикалық сусындар бар өнімдерге акциз, көптеген монополияларға арналған салықтық жеңілдіктерді жою және саяжайларға салынатын салық мөлшерін төмендету де барын айтқан болатын.
Бірінші оқылымда белгілі болғандай, әлеуметтік 19 тауар азық-түлік, арнайы дәрі-дәрмектер ҚҚС-дан босатылады. Ауылшаруашылық тауарларына салық жүйесі өзгеріссіз қалса, ақылы медициналық қызметер көлемі 10 процент көлемінде ұлғаяды.
Жаңа талаптан не күтеледі?
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин: «300 мың болса, біз 2026 жылы 3,2 триллион теңге кіріс алуды жоспарлаған едік. 144 мың болса, 2,8 триллион ҚҚС алуды жоспарлап отырмыз», – деп ҚҚС шегін бұрын жоспарланғандай, 15 миллион теңге емес, 40 миллион теңгеге дейін төмендету бюджет кірісінің 400 миллиард теңгеге, ал салық төлеушілердің 160 мың теңгеге қысқаруына әкелетінін атап өтті.
Министрдің айтуынша, жыл сайын республикалық бюджетке қосымша 1 триллион теңге түспек. 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін көлеңкелі экономиканы 17,5 триллион теңгеден 15 триллион теңгеге дейін төмендету міндетін ескеру арқылы салықтық әкімшілендіру түсімдерінің осындай өсу қарқыны – жылына шамамен 1 триллион теңге деңгейінде сақталмақ деп жоспарлануда.
Түйін. Жаңа қолданыстағы салық кодексі салық салу рәсімін жеңілдету, әкімшілік жүктемені азайту және шағын және орта бизнесті дамытуға қолайы жағдай жасауға бағытталғанын айтады биліктегілер. Халықпен тікелей жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлеген ҚҚС әсер етпейді, бөлшектенген сауда және оңтайландырылған деклорация біріккен арнайы салықтық режимінің шекті мәні белгіленген. Балықшы күнде арманда, Егінші жылда арманда. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін Заң қабылданып, Президент қол қояды деп күтілсе, 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енбек. Әр қадамды қымбатшылық қыспағына құрықтатай, әлеуметтік ахуалды тұрақтандыратын игі амалға балайтын тұрғындардың бұл салықтың жаңа қағидаттарынан күтер үміті үлкен. Ашық салық жүйесі бағаны тұрақтандыруға түрткі болса игі.
Дайындаған Алтын ҚОСБАРМАҚОВА