Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сумыдағы сұмдық: Ресей зымыранмен жасаған шабуылдан Украинада 32 адам қаза тапты

Сумыдағы сұмдық: Ресей зымыранмен жасаған шабуылдан Украинада 32 адам қаза тапты

©️ x.com/ZelenskyyUa
Ресей әскері Украинаның Сумы қаласына ракетамен соққы жасады. Бұл туралы жергілікті билік пен Украина президенті Владимир Зеленский өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі (ТЖМҚ) өзінің Telegram-арнасында 32 адамның қаза тапқаны туралы мәлім етті. Олардың екеуі – бала. 84 адам жарақат алды, оның ішінде 10 бала бар.
— Сумы қаласына баллистикалық зымыранмен жасалған сұмдық соққы. Жаудың зымырандары жай ғана қалалық көшеге, бейбіт өмірге соққы берді: тұрғын үйлер, білім беру мекемелері, көліктер… Бұл – адамдар шіркеуге баратын күні болды Мұндай әрекетті тек сұмырай ғана істей алады. Кәдімгі адамдардың өмірін қиып жатыр. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қазір құтқару операциясы жалғасып жатыр. Барлық қажетті қызметтер жұмыс істеп жатыр, — деп жазды Владимир Зеленский.
Ол АҚШ-ты, Еуропаны және өзге елдерді бұл зымыран шабуылына қатаң жауап беруге шақырды.
Бұған дейін 13 сәуірге қараған түні, Ресей әскері Украинаға 55 ұшқышсыз ұшақпен (дронмен) шабуыл жасады. Олардың 43-і әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) құралдарымен атып түсірілді.


14 сәуір 2025 ж. 279 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031