"Мыс таусылады" – геологтар ескерту жасады

2030 жылға қарай ұсақ мұнай-газ кеніштері мен мыстың қоры таусылуы мүмкін. Геологтар еліміздің қорын қазірден бастап толықтыру керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Геология саласының ардагері Хаирлы Әбілқасымов мемлекеттің бақылауда қанша жер асты байлығы барын айтты.
Егер сөз көмірсутектер туралы болса, біз мұнай қоры бойынша шамамен 4 миллиард тонна, ал газ қоры бойынша 3 триллион текше метрден аса көлем елдің балансында тұр деп айта аламыз. Бұл, әрине, үлкен көрсеткіш. Бірақ біз бұл қорларды толықтырып отыруымыз қажет. Президенттің жасаған жолдауы да – минералдық-шикізат базасын толықтыруға бағытталған. Қорлардің түрі әртүрлі. Ұсақ көмірсутек кен орындары 2030 жылға қарай таусылуы мүмкін, – дейді Хаирлы Әбілқасымов.
Сонымен қатар Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері Марат Битимбаев жалпы әлемде жер асты байлығы 152 жылға жететінін атап өтті.
Геологтардың айтуынша, адамзат 5 шақырым тереңдікке дейін жұмыс істей алады. Одан әрі бару қиын.
Жер асты қазба байлықтардың қоры 30 жылдан 150 жылға дейін есептеліп отыр. Ең көп деген жер асты байлығы 152 жылдан кейін бітеді. Ал кейбірі, мәселен мыс 30 жылдан соң таусылуы бек мүмкін. Былтыр әлемде мысты 24 млн тонна шығарды, оның жердің астынан алу үшін 29-30 млн тоннаны жер бетіне шығару қажет. Дүние жүзінде мыстың 1 млрд тонна қоры бар. Оны бекітілмегені мен белгісізін қосқанда 3 млрд тонна делік. Демек 2030-ға қарай мыс таусылу мүмкін, – деп түйіндеді ғалым.