Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Ресей мен Беларуське неге баж салығы салынбағанын айтты

АҚШ Ресей мен Беларуське неге баж салығы салынбағанын айтты

АҚШ Ресей мен Беларусьтен келетін тауарларға баж салығын енгізбеді, өйткені бұл елдерден АҚШ-қа өнім жеткізілмейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол басқа елдерді баж салығына қарсы шаралар қолданудан бас тартуға шақырды, себебі мұндай қадамдар шиеленісті ушықтыруы мүмкін екенін ескертті. Бұған дейін CNN-ге берген сұхбатында Бессент: «Бұл неге әкелетінін көрейік, себебі қарсы жауап берілсе, ол жағдайдың ушығуына әкеледі» деген болатын.

Министрдің айтуынша, сауда профициті (экспорт импорттан көп) бар елдер «сауда шиеленісінің кез келген түрінде әдетте ұтылады», сондықтан Бессент «ойланбай жасалған әрекет ақылға қонымсыз болар еді» деп есептейді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт те Ресей, Беларусь, Куба және Солтүстік Кореяның жаңа тарифтер тізіміне кірмегенін хабарлады. Оның айтуынша, «бұл елдер қазірдің өзінде өте жоғары баж салығына тап болып отыр, әрі бұрын енгізілген санкциялар олармен мағыналы сауда жасауға кедергі келтіріп отыр». Сонымен қатар, Ливитт Ресейге қатысты «қосымша қатаң санкциялар» енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.
03 сәуір 2025 ж. 390 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031