Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбідегі серпін

Сенбідегі серпін


Қазір күн тәртібінен түспейтін бас­ты мәселелердің бірі – тазалық жұмысы. Наурыз айының басынан бастап ауданда санитарлық тазалық жұмыстары басталды.
Өткен сенбіде аудан бойынша кент, қала және барлық ауылдық округте тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Онда елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Қарамайкөл» аумағы, Водокачка елді мекеніне барар жол аумағы, Батыс теміржол өткелі мен Т.Бөрқұлақов көшесінің аралығы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, ағаштар балақталып, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.
Аудан орталығында жүргізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен әрбір тазалық жұмыстары бойынша аумақтардың басшыларына тазалық шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігі берген мәліметке сүйенсек, тазалық жұмыстарына 120 мекеме қатысқан. Сенбілікте 26 тонна берекетсіз қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ

01 сәуір 2025 ж. 363 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930