Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биткоин бағамы 100 мың доллардан асты

Биткоин бағамы 100 мың доллардан асты

Биткоин бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Қазір 1 биткоин 103 487 долларға тең. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рixabay.com
Криптовалютаның өсуіне криптоинвесторлардың АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі осы саланың дамуына қолайлы жағдай жасайды деген болжамы себеп болды. Соңғы төрт аптада биткоин 45%-ға қымбаттады. Ал жыл басынан бері оның құны екі есе өсті.
Трамптың кампаниясын криптовалюта қолдаушылары белсенді түрде қолдады. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, сондай-ақ Трамптың биткоиннің ұлттық резервін құру туралы уәдесі инвесторлардың цифрлық активтерге деген сенімін нығайтты.
Сарапшылардың болжауынша, биткоин бағасы жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін.
Бұған дейін биткоин бағасы 95 мың доллардан асқаны туралы жазған едік.

05 желтоқсан 2024 ж. 206 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30