Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп асханаларының жағдайы зерделенді

Мектеп асханаларының жағдайы зерделенді


Кеше аудандағы бірқатар білім беру ұйымдарында асхана және тамақтану сапасына бақылау жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары облыстық білім басқармасы жанынан құрылған асхана және тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қатысуымен өтті.
Топ құрамында облыстық білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова, аудандық партия филиалының сарапшысы Алтынай Кенжалиева және аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ұлмекен Садықова болды.

Топ мүшелері Әйтеке би кентіндегі, Қазалы қаласындағы және Жалаңтөс батыр ауылындағы бірқатар мектептердің асханаларын аралап, санитарлық ережелердің сақталуы, балалар тамағына арналған бекітілген нормалардың орындалуы, құжаттардың заң талаптарына сай рәсімделуі, өнімдердің сапасын куәландыратын құжаттар мен сақтау жағдайлары сынды мәселелерді зерделеді.

Зерделеу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, сапаны арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Арнайы мониторингтік талдау жасалды.

#AMANAT
#KPK
06 наурыз 2025 ж. 171 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 106

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930