Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазына кеуде кейуана

Қазына кеуде кейуана

«Сен нашар баласың» деген әжемнің сөзінен соң алаңсыз күліп-ойнап отырған бала көңілімді жинап алдым. Не үшін бізді олай атайды деген сансыз сауал көңілде күпті болып тұратын. Өсе келе бұл сөздің мағынасын да ұғындық. Бізді жастайымыздан тыйып, қыз баланы ерсі дүниеден алыс­татып тәрбиелегені екен ғой. Тілшілік тіршіліктегі мақалама арқау болған «кіттәй кемпір» де осы. Жіңішке саусақтары қыртысталып, жанарынан жарық сөніп бара жатқан әжем – бүгінгі мақаламның кейіпкері.
Кішкентайымнан арқалап жүріп өсірген соң көп естеліктер есімде қалды. Бірде мені арқалап орталық алаңға жол тарттық. Сонда алыс­тан жас келіншектің асығып келе жатқанын көрдік. Әжем тоқтады да алдымыздан өтіп кеткенін күтті. Әлгі келіншек жақындай сала «апа-ау, жолыңызды кеспейін, өтіңіз» деп еді, әжем «сен жұмысқа, тіршілікке бара жатқан адамсың. Жолыңнан қалма» деп жол бергені әлі есімде. Бала күнінен тіршілікке ептеп өскен ол көзікөргендердің ең жақсы адам ретінде есінде қалары сөзсіз. Неге деймісіз?
Ұлболсын Үргенішбайқызы 1932 жылы Лақалы ауылында болыстың отбасында дүниеге келген. Алайда кеңес үкіметі кезінде лагерьге алып кетпес үшін құжат бойынша жасын кемітіп, 1934 жыл деп өзгерткен. Лақалы ауылындағы мектепте 8 жылдық білім алады. 16 жасында Әлі баласы Әлдебайға тұрмысқа шығып, 10 құрсақ көтерген. Дегенмен қазір сол баладан көзі тірі бесеуі ғана қалды.
1940 жылдары соғыс уақытында Тылда еңбек етті. Соғыс басталмай тұрып 1939 жылдары мал, үйлерін кәмпескелеген. Сол жылдары үйсіз қалып, жертөледе он отбасы болып өмір сүрген екен. Бала күнінен тіршілікке епті, тағдыр кемесінде қиыншылыққа төзімді бола білген ол ат үстінде жүріп, ер мінезімен көпті тәнті еткен. Жастай бір үйдің келіні болып түсіп, Әлі атамыз бен Айша әжеміздің шаңырағының отын түтетті. Жан-жақтан, ауылдан, сырттан бозбалалар оқуға келіп, осы үйде бір үйдің баласындай өскен. Солардың бірі – Қазалы ауданының, облыстың құрметті азаматы, аудан, Қызылорда қаласының әкімі болған Жарылқасын Шәріпов. Ұлболсын әжеміздің өнегелігін, болмысындағы көркем мінезін әлі күнге дейін айтып отырады.
Күнкілі бітпес күйбең тірліктің соңында жүріп есейіп, ғасырға жуық ғұмырдариясында ұрпақтарына өшпес өнеге берген Ұлболсын Боранбаева қазір қара шаңырағының қазыналы қариясы. Балаларын адал еңбек етуге баулып, немерелеріне тәлімі мен тәрбиесін сіңірді. Балалары бауырмал болып өсті. Жан-жақта отау тігіп, ұрпақтарын түлетіп отыр. Әжеміз кенже ұлы Айдар мен келіні Ақжүністің қолында. Берекеге толы қара шаңырақ. Төрде төбесі көрінген ақ жаулықты кейуана. Айналасы ұрпақтарымен көз қуантады. Қауқылдасып бас қосып, сыңғырлаған бала үні, тай-құлындай тебіскен құлыншақтары қасында. Иә, бір ғасырдың биігінде немере, шөбере, шөпшек сүйіп отыр. «Бақыттымын» дейді. Оған ешкімнен де таласы жоқ. Толықсып батқан күнге қарап, бірер уақыттан кейін мына жарық дүниені көзге түртсе қараңғылық басатынын ол айтып отырады. Осы сәтте оның жасаған ғұмырымен өлшеп көреміз. Бүтін тарих. Бір мақалаға сыйдыра алмас дүние. Ғұмырдариясына үңіліп, тағдыр таразысына тереңінен қозғауға ұмтылдық. Мақаланы жазып отырып, өнегелі өмірден бір үзінді санамызға сәуле құйды. Әрине, қазына кеуде қариялардың жүрген жолы, өткен өткелі – ұрпаққа аманат. Байыпты болмысымен көзікөргендердің жадында сақталған әжемізге Алла қуат берсін дейміз!

Айнұр ӘЛИ
08 наурыз 2025 ж. 376 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 88

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031