Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Фото: Ернұр Кама

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе қаралды.

Бірінші мәселе аудандағы ет өнімдерінің қымбаттауына байланысты тұрақтандыру шаралары туралы болды. Бүгінде әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар тарапынан ет өнімдерінің қымбаттауы өзекті тақырыпқа айналып отыр. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов ет бағасының қымбаттауы тек ауданда ғана емес, еліміз бойынша өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Аудан көлемінде негізсіз баға өсіміне жол бермеу және делдалдық қызметтерді реттеу мақсатында арнайы жұмысшы топ мониторинг жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар бөлім басшысы «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының 2024 жылға орындалу барысы мен биылғы жылға жоспарлары туралы тоқталды.
Фото: Ернұр Кама
Мұнан соң Мансап орталығының басшысы Болатбек Баймаханов 2024 жылы халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы баяндады. Есепті кезеңде жұмысқа орналастыру жоспары 4486 адамды құрап, 112,9 пайызға орындалған. Сондай-ақ 789 жаңа жұмыс орны құрылған. Биылғы жоспарлар өз деңгейінде орындалатынын атап өтті.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе партия атынан сайланған Майлыбас ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы жайында болды. Ауылдық округ әкімі Алмат Әбілхан сайланған уақыттан бастап атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде комиссия мүшелері ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті шаруашылықтармен тұрақты әріптестік орнату, жұмыспен қамтуда жастарды қолдау жобаларын іске асыру және ауылдағы денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.


05 наурыз 2025 ж. 183 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930