Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жүгін көтерген жұптар

Жауапкершілік жүгін көтерген жұптар

Еңбек – елдің көркі ғана емес, бұл жарасымды жұптың өмірлік ұстаным-бағыттарының ұйытқысы. Экономиканың негізгі өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген жұмысшы мамандар. «LCI-MK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін ерлі-зайыпты Асановтарды жұртшылық жақсы ісімен үлгі етеді.

Іргелі ұжым, қуатты өндіріс орнының шығарған өнімдері сапалылығымен сұранысқа ие. Мұндағы теміржол, алып көпір салатын балкалар, құбырлар, жоғары кернеулі желіге арналған бағана, ғимараттар құрылысына қажетті темір-бетон бұйымдары мен конструкциялар көрікті, заманауи талаптарға сай нысандардың бой көтеруіне септесуде.
Өнімділік. Жауаптылық. Жеділдік. Осы үш қағида мұндағы жұмысшылардың әрбірінің жазылмаған заңы, қалыптастырған дағдысына айналған.
Қашан да тұтынушылар талабынан табылып, жүйелі жұмысымен алға адымдап отырған орынға барғанымызда, біз іздеген жандарға жолығу оңайға соққан жоқ.
Талап сондай. Жабық цехтарға кез келген адамға кіруге рұқсат жоқ. Ал рұқсат алып кірдің екен, мұндағы жұмысшылар тілші бол, басқа бол, бет бұруға бейімделмеген. Оларды ісін атқаруы ғана алаңдатады. Басқаға мойын бұруды – бос уақыт жоғалтуға балайды.
Түгел Асанов осы Қазалы темір-бетоны зауытында 2010 бастап жұмыс істейді. Жасайынан еңбекке шыңдалып өскен жігіт теміржолшы әкесі Нағметтің жолын үлгілі жалғап келеді. Сегіз баланың екіншісі еңбекке ерте араласады. Өзін түрлі бағытта сынап көрген кейіпкеріміз қазір мекеменің бу қазаны цехында машинист болып жұмыс істейді.
Бу қазандығы – зауыттығы маңызы орын. Дайындалған бұйымдарға бу беру арқылы, белгілі уақытта кептірілуді қажет етеді. Алып қазандықтың жай-күйі, жұмыс істеу жүйесін меңгеру, температурасын бақылауда қателікке жол беруге болмайды.
Ал Ақмарал Әбдраманова шебер қолды тоқушы. Аталмыш мекемеге 1990 жылдың сәуір айында арматур тоқушы болып орналасқан ол, осы жерде 35 жыл тұрақты жұмыс істеп келеді.
Тұла бойы нәзік, көрікті келіншектен: «Ауыр жұмыс болмысқа әсер етпей пе?» деп сұрағанымызда: «Алғаш естігенде әкем де таңдауыма қарсы болған. Ол кезде небәрі 18 жаста едім. Осы жылдар аралығында икемдігімді арттырдым, қалыптасқан маман болдым. Таңдауыма ешқашан өкінген емеспін», – деді. Зауыттағы аралық дәнекерлеуге қажетті каркас, сондай-ақ үйлер плитаның арасына салатын арматураларды қолымымен тоқып, дайындайды. Оның ширақ қимылынан өнімділік сыртқы болмыста емес, ептілікте екендігін ұғындық.
Түгел мен Ақмарал екеуі екі ұл бір қыз тәрбиелеп отыр. Олардан өрбіген төрт немересінің әрбірінің ертеңіне алаң. Үлкен балалары Нұрлан №276 мектепте электрик болып жұмыс істесе, келіні Алтынай «Гауһар тас» балабақшасында тәрбиеші.
«Екі адамның бір орында жұмыс істеуінің қандай қиындығы не артықшылығы бар?» деп сұрадым.
«Артықшылығы көп, істе де, өмірде де бағыттарымыз бір арнада өрбиді. Ерімнің ісі маған, менің жұмысым оған таныс. Түсіністік көп қиындықтың алдын-алады», – дейді Ақмарал бізбен әңгімесінде.
2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануын қалай қабылдағандары туралы да сұрадық.
«Бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға бейімдеуге, қажетті мамандықтарға маңыз беруге бағытталған деп ойлаймын. Жиырма жыл бұрын көпшілік кеңсе қызметкері болғанды қалайтын. Қазір еңбек нарығында да табыс барын, қажеттілікке бейімделген адам жетістікке жете алатынын бірте-бірте ұғынып келеді», – дейді Түгел.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
01 наурыз 2025 ж. 242 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 102

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930