Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді: тіркеу жалғасуда

Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді: тіркеу жалғасуда

Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті. Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет. Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген. Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда. Полицейлер мопед иелерін барлық қажетті рәсімдерді уақтылы орындауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.

26 ақпан 2025 ж. 369 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 57

Қойнауы құт Қызылқұм

22 тамыз 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31