Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мопед мінгендердің міндеті күшейді

Мопед мінгендердің міндеті күшейді

Фото: pexels.com
«Тырылдақ» мініп тырқылдап қалмасақ болар еді» деп еді көрші апа. Немересіне былтыр алып берген мопеді бұлардың әлі күнге дейінгі уайымына айналған. Тұрғындар жүретін тар көшеде тырқыратып қыздарды қуатын да осы бала еді. Бір өткен жерден бірнеше рет ытқыта өткенде қолыңа әлдене ұстап алып, басынан қойып қалғың келеді. Көпшілігінде де солай болған шығар? Жұрттың жүйкесіне тиген жүйткігіш құрылғы енді заңға мықтап бағынбақ.
Сәуір айынан бастап елімізде мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Осыған байланысты мопед иелері оларды тіркеуден өткізіп, мемлекеттік нөмір алуы қажет. Егер көлік иесі тиісті құжаттарды рәсімдемей, көшеге мопед мініп шығатын болса жауапкершілікке тартылады. Осыған орай елде күн санап екі дөңгелікті техникасын заңдастырсам дейтіндердің саны артып келеді. Артпағанда ше?
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мопедтерді тіркеп, жүргізуші куәлігімен жүруге міндеттейтін заң жобасына қол қойған еді. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша мопед жүргізушілеріне тіркеуден өту үшін 6 ай уақыт берілді. Мопед жүргізушілері мемлекеттік баж салығын төлейді, оның мөлшері 0,25 АЕК. Көлікті тіркеу үшін өтініш жазып, жеке куәлігін көрсетуі керек. Оларға А1 деңгейіндегі жүргізуші куәлігі беріледі деп ескертілді. Заң жобасын өткен жылы сәуір айында Мәжіліс қарап бастап, қыркүйекте Сенат қарауына келіп түскен. Сенаттағы заң жобасын таныстыру кезінде елде 80 мың мопед бары белгілі болған. Олардың барлығының мемлекеттік тіркеуі жоқ. Мінбердегі мәселеге айналып, көптің уайымы болған мопед келесі ай, 5 сәуірден бастап заңнамалық өзгерістер бойынша күшіне енеді. Мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.
Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жеріндегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Оған жеке куәлік (электронды түрде көрсетуге болады), техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер, өтініш толтыру, мопедті тексеруден өткізу сынды құжаттарды рәсімдеу керек. Сонымен қатар тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу қажет. Мопедті тіркеу үшін – 0,25 АЕК (983 теңге), тіркеу куәлігін беру үшін – 1,25 АЕК (4 915 теңге) және мемлекеттік нөмір алу үшін – 1,4 АЕК (5 505 теңге).
Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын тағы бір мәрте ескерткенді жөн көрдік. Қазалы ауданы полиция бөлімінің мамандары да мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес береді. Әрі мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.

Айнұр ӘЛИ

18 ақпан 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728