Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қанша қаржы қажет?

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге қанша қаржы қажет?

Ішкі істер министрлігі Армениядан Қазақстанға әкелінген автомобильдерді тіркеуге 12 мыңға жуық қаржы жеткілікті екенін айтты.

Көлікті тіркеу үшін 12 мыңға жетпейтін қаржы жеткілікті. Оған тіркеу жарнасы, тіркеу туралы куәлік (техпаспорт) пен мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі (МТНБ) үшін төленетін мың мемлекеттік баж кіреді. Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу үшін автокөлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс,  - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов баспасөз мәжілісінда.  
Көлікті тіркеу кезінде жасалатын төлемдер:

• тіркеу жарнасы – 695 теңге;
• техникалық төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 3 473 теңге;
• мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 778 теңге.

Тіркеу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.  
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО орталықтарына алдын ала бронь жасамай-ақ және демалыс күндері де баруға болады. Дәл сол жерде халыққа қызмет көрсету орталықтарының архивтерінде Арменияда берілген техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер сақталған. Оның сақтау мерзімі шектеусіз, азаматтар бұл құжаттар мен нөмір белгілерін алғашқы өтініштері бойынша ала алады, - деді комитет төрағасының орынбасары.  
Армениядан жеткізілген осы көліктер Қазақстанда тіркелгеннен кейін оны пайдалану мерзіміне шектеу жасалмайды. Егер көлік иесі өзінің көлігін Қазақстандағы тіркеуден шығарғысы келсе, ол тиісті мерзімге көлік салығын төлеп, қазақстандық нөмір мен техпаспортты тапсырып, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында армян техпаспорты мен мемлекеттік нөмірін қайтарып алады.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың сөзіне қарағанда, Арменияда қазақстандықтардың атына 22 мыңнан астам көлік жазылғанымен, оның ішінде 14 мың көлік Қазақстанда тіркеуге жатады. Соның 11 мыңға жуығы тіркеп үлгерген. Қалған он күннің ішінде өзге автокөлік иелері толық тіркеліп үлгеруі тиіс.
21 тамыз 2020 ж. 534 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930