Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін қандай құжаттар керегі айтылды

Қазақстанда жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін қандай құжаттар керегі айтылды

Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полиция комитеті мопед иелерінің транспортын тіркеу үшін ұсынуға тиіс нақты құжаттар тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: shutterstock
Ең әуелі, азаматтар жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысандағы құжатты алуы қажет. Сонымен қатар Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар болуы керек.

техникалық құжат (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәлімет;
транспорт иесінің өтініші;
көлік құралын қарап тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) қажет.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, мопед жақтауының нөмірі болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірін уәкілетті орган тіркеу әрекеттері жасалғанға дейін мопед иесінің өтініші бойынша ұсынады.

Айта кетейік, қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мопедтер мен скутерлерді міндетті тіркеу туралы заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес мопедистер де А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті болады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мопедтерді тіркеу алгоритмі әлі әзірленіп жатыр. Жүргізушілер келесі жылдың сәуіріне дейін жазаланбайды.

Еске салайық, бұған дейін елімізде бұдан былай мопед жүргізушілері жол қозғалысына қатысушылармен теңестірілетіні туралы жазған едік. Орташа жылдамдық ұғымы енгізіліп, жылдамдық шегін бұзғандар жазаланатыны айтылған. Көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар да күшейтілетіні жеткізі
21 қазан 2024 ж. 226 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930