Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде антибуллингтік бағдарлама іске қосылады

Елімізде антибуллингтік бағдарлама іске қосылады

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 01 наурыздан бастап «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасын апробациялау жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарлама орта білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Оның тәжірибелік апробациясына еліміздің 9 өңірінен 50 мектеп қатысып жатыр.
Бағдарламаны іске асыруға 5500-ден астам педагог пен 70 мың оқушы тартылды.
Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес пилоттық ұйымдарда әкімшілік қызметкерлер мен педагогтер оқытылып, мектептердегі психологиялық ахуалға диагностика жүргізілді және буллингке қарсы командалар құрылды.
«Бағдарлама аясында буллингтің алдын алуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді: техникалық персоналды оқыту, педагогтер үшін семинарлар мен тренингтер, ата-аналармен кездесулер. Ең ауқымды іс-шаралар 6152 мектеп пен 2,1 миллион оқушыны қамтыған «ДосболLIKE – достық қолын соз» республикалық акциясы, сондай-ақ республика көлемінде 750 мың оқушы қатысқан «Менің мектебім буллингке қарсы» республикалық флешмобы болды.
Сондай-ақ осы бастамамен оқушылар арасында өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 16 мың іс-шара өткізілді. Бағдарламаның іс-шаралары тәжірибе жүзінде балалар мен педагогтердің буллингтің алдын алудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі»,  дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ президентінің м.а. атқарушы Елена Сакенова.
Педагогтер мен ата-аналарға арналған семинарлар мен шеберлік сыныптары, балалардың өздері іске асыратын әлеуметтік жобалар олардың білім беру ортасындағы буллингтің алдын алу процесіне қатысуын арттырып қана қоймай, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады.
Айта кету керек, 2025 жылы «Өркен» БӘАҰҒПИ бағдарламаны жүзеге асыру ауқымын кеңейтіп, буллинг мониторингі мен диагностикасының жаңа тәсілдерін енгізуді, педагогтер мен мектеп психологтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
21 ақпан 2025 ж. 258 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930