Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 240 мың оқушы мен ата-анаға психологиялық көмек көрсетілді

Биыл 240 мың оқушы мен ата-анаға психологиялық көмек көрсетілді

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
Биыл Психологиялық қолдау орталықтары 240 мыңға жуық оқушы мен олардың ата-аналарына көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты.

 — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет 20 Психологиялық қолдау орталығы ашылды. Министрлік тарапынан орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, штат кестесі, қызметкерлердің біліктілігіне және материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілді. Қазіргі күні орталықтардың кадрмен қамтылуы 68% деңгейінде, — деді ол ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің айтуынша, биыл Психологиялық қолдау орталықтары тарапынан 240 мыңға жуық оқушы мен олардың отбасына көмек көрсетілген. Олардың 140 мыңы — кәмелетке толмаған бала, ал 100 мыңға жуығы — ата-ана.

 — Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық офис құрылып, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтілуде. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сай орталықтардың жұмысын жолға қоюды қолға алуда. 2024-2025 оқу жылының басынан бері білім ұйымдарына ДОСБОЛlike буллингке қарсы отандық бағдарлама, балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық пен дағдыларды дамытуға бағытталған «қауіпсіздік сабақтары» енгізілді, — деді Еділ Оспан.

Бұған дейін инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізіліп жатқанын жазған едік.
04 желтоқсан 2024 ж. 110 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 104

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 104

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031