Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі

Солтүстік Аралға 1,6 млрд текше метр су жіберіледі

Былтырғы қазаннан қаңтар айына дейін Солтүстік Аралға 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Су ресурстарының және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, наурыз айының соңына дейін аралға тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі.

«Солтүстік Арал теңізін толтыру және оны қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр. Өткен жылдың қазанынан бастап осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Аралға 1 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық», деді ол ОКҚ алаңында.

Ресми өкіл ел арасындағы «Солтүстік Арал су тасқынынан не жаңбыр есебінен толып жатыр» деген пікірдің қате екенін атап өтті. Себебі еліміздің оңтүстік өңірінде айтарлықтай су тасқыны болмаған. Аралға су жіберу – су ресурстарын үнемдеудің және су дипломатиясының нақты нәтижесі.

«Орталық Азиядағы әріптестермен жасалған келісімдердің арқасында келе жатқан наурыз айының соңына дейін тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі. Қазір Солтүстік Аралдағы судың жалпы көлемі 22 млрд текше метр-ден асады. Өсу динамикасын салыстырар болсақ, 2022 жылдың басында бұл көрсеткіш 18,9 млрд текше метр болған. Осы жылдың соңына дейін теңіздегі су мөлшері 23,4 млрд текше метрге жетеді деп күтілуде. Ал 2030 жылдың соңына дейін су мөлшерін 27 млрд текше метрге жеткізу жоспарланып отыр», деді Мөлдір Әбдуалиева.

Айта кетейік, Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесінде теңіздегі су 42%-ға ұлғайды.

Фото: egemen.kz
18 ақпан 2025 ж. 256 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930