Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты

Солтүстік Арал теңізінде су көлемі артты

ФОТО

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейі туралы ақпаратпен бөлісті
– деп хабарлады Қазақпарат.

Ведомствоның хабарлауынша, құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіретін мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға 997 миллион текше метр су ағатыны туралы келісімге келген. Судың ағыны жылына кемінде 30 текше метр болады. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су құйылып жатыр. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған еді.

«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға 1,1 миллиард текше метр су құйылды. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы судың көлемі 21,4 миллиард текше метр болып отыр», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталған болатын. Бөгет Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейін көтеруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Kazinform тілшісіне сұхбат беріп, Арал теңізінің ахуалымен бөліскен еді.
24 маусым 2024 ж. 365 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031