Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мопедшілер жүргізуші куәлігін алуы керек: Тоқаев заңға қол қойды

Мопедшілер жүргізуші куәлігін алуы керек: Тоқаев заңға қол қойды

Фото: ЖИ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты екі заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Президент сондай-ақ "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға да қол қойды.
Екі заң да көлік құралдарының жекелеген түрлерінің, оның ішінде мопедтердің қозғалысын ұйымдастыру, Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жаңа әкімшілік құқықбұзушылықтарды енгізу саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңдар жол қозғалысы туралы заңнамаға бірқатар түзетулерді қарастырады.
Сонымен қатар мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркелуі керек.
Мопедті айдағысы келетіндер А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы керек.

04 қазан 2024 ж. 201 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 184

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 170

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 163

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 174

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930