Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанның отты жылдары

Ауғанның отты жылдары

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Жастар ісі комитетінің төрайымы Н.Тлеулиеваның ұйымдастыруымен колледж түлегі, Ауған соғысының ардагері, жазушы Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» атты деректі фильмі көрсетілді.
Студенттер деректі фильмнен Ауғаныстан жеріндегі соғыс қимылдарын көріп, зұлмат соғыс жайында ақпаратпен танысты.
Айта кетейік, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл өзі көрген қиян кескі күндердің кешегі тарихын таңба басып, қазақстандық боздақтардың ерліктерін шығармаларына арқау етті. Дегенменде, Ауған соғысы жайлы әлі де айтылмаған ақиқат көп. Бірақ деректі фильмдегі оқиғалар сол бір шайқастарға өзі қатысқан баһадүр Б.Смағұлдың өз әңгімесімен баяндалады. Сондай-ақ боздақтар оққа ұшқан ажал алаңы, қираған соғыс техникалары күңіренген тау мен тас бәрі кешегі қасіретті күндердің үнсіз белгілері болды. Жалпы фильмде қазақ жауынгерлердің ерлігі де шынайы суреттеледі. Бұл бейбіт күндегі бүгінгі ұрпаққа зор тағылым еді.
***
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай тарих пәнінің оқытушысы Ж.Шыраеваның ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жылдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның мақсаты – ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Тарих пәні оқытушысы Ж.Шыраева «Ауған соғысының қысқаша тарихы» тақырыбында баяндама жасап, «Ауған соғысы» тақырыбындағы бейнеролигін көрсетті. Білім алушыларға Ауған соғысы туралы мағлұматтар беріп, сұрақтар қойды. І курс №24-2 оқу тобының білім алушылары Бегімбай Толғанай мен Саха Бахытбек Ауған соғысы туралы не білетіндері туралы айтып, білім алушыларды Бақытбек Смағұлдың «Мен көрген соғыс» кітабын оқуға шақырды. Шара соңында бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушгысы Т.Әйтенов Ауған соғысына қатысқан қазалылықтар туралы айтып берді.
***
Қазалы аграрлық-техникалық колледжі бойынша Кеңес Әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Ауған соғысы - тарихтың қасиетті парағы" атты Қазалылық ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Қазалылық аудан соғысының ардагерлері Әли Айдар Әлдебайұлы, Әлмағамбет Жаңабай, Ильясов Қайрат Темірбайұлы, Жолтай Жеткерген Әлемұлы, Өмірзақов Болатбек Насиұлы қатысып, студенттерге Ауған соғысы туралы көзбен көрген соғыс туралы естеліктермен бөлісті. Колледж студенттері ауған соғысының ардагерлеріне сұрақ қойып, пікір алысты. Ардагерлер болашақ жастардың қолында екенін айтып, болашақтарының жарқын болуына тілектестік білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

15 ақпан 2025 ж. 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728