Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан "Жайлы мектеп" құрылысын көрді

Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан "Жайлы мектеп" құрылысын көрді

Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ибайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов және аудандық мәслихаттың төрағасы, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш пен аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев Жанқожа батыр ауылында құрылысы аяқталуға жақын 300 орындық «Жайлы мектеп» құрылысын көрді.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа мектептің құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүруде. Нысанының бүгінгі жай-күйімен «Асар» ЖШС мердігер ұйым өкілдері таныстырды. 2 қабаттан тұратын ғимараттың қабырға кірпіші өріліп, төбе шатыры жабылған. Қазіргі таңда ішкі әрлеу, жабдықтарын орнату, сондай-ақ сыртқы абаттандыру және т.б. жұмыстар жүруде.

Партия өкілдері мектептің заманауи талаптарға сай болуын және оқушылар үшін жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты. Сондай-ақ, мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне құрылыстың сапалы әрі өз мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Осы күні халық қалаулылары Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің және Бекарыстан би ауылындағы №24 мектептің жұмысымен танысты.

Білім беру нысанымен танысу барысында депутаттар ғимараттың техникалық жағдайы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі мен өзге де мәселелер жөнінде ой-пікір алмасты.

#AMANAT
12 ақпан 2025 ж. 265 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930