Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды жүріп жатыр

«Жайлы мектеп» құрылысы қарқынды жүріп жатыр

«AMANAT» партиясының Cайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Жайлы мектеп» салынуда.

Өткен аптада партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслхат депутаттары Нұрғиса Жалғасбаев, партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, комиссия мүшесі Арғын Орымбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов аталған білім ошағының құрылыс жұмысына партиялық бақылау жүргізді. 

Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды саналатын құрылыс нысанының бүгінгі жай-күйімен және дайындығы жөнінде «Асар» ЖШС мердігер ұйымының өкілдері баяндады. 2 қабаттан тұратын ғимараттың бүгінде қабырға кірпіші өріліп, төбе шатыры жабылған. Қазіргі таңда ішкі әрлеу, яғни қабырғасын сырлау, еденін төсеу, жабдықтарын орнату, сондай-ақ сыртқы абаттандыру және т.б. жұмыстар жүруде.

Құрылыс жұмысымен танысу барысында партия өкілдері мердігер ұйымға нысанның сапалы әрі уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтау және құрылыс материалдарының талапқа сай болуын басты назарда ұстау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мектептің сапалы инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі, яғни су, жарық, жылу жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі маңызды екендігін атап өтті.

#AMANAT
30 қаңтар 2025 ж. 286 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30