Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазаққа қандай кадр керек?

Қазаққа қандай кадр керек?



Ақпарттық ағынында жаңалық пен жаңашылдыққа иек артқан ХХI ғасыр оң өзгерістер мен батыл қадамдарды талап етуде. Сәйкесінше, бұған дейін сан мың жылдар бойы қажетті мамандық саналған кәсіп иелері актулдығы төмендеп, қоғамда қолданысқа жаңа мамандықтар түзілуде. «Барлығы кадр қолында» деген аксиоманы негізге алсақ, ел дамуы мен мүмкіндіктерінің жүзеге асуына қандай мамандар қажет? Сұрап көрдік...
Роза Баймаханова «Уақыт талабына ілесу – маңызды міндет»:
– Уақыт талабына ілесу – маңызды міндет. Елімізде жүзеге асқалы жатқан үлкен жоба – атом электр стансасын салу міндеті тұрғанда, оны жүзеге асыратын мамандықтар қажеттілігі туындайды. Мамандар болжамына сүйенсек, бір АЭС-те 1200-ге жуық адам жұмыс істейді деп күтілуде. Олардың 20 проценті атом саласының мамандары. Атом реакторлары, дозиметр, бу турбинасы жабдықтарын жөндейтін слесарьлар, атом электр станцияларының механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы, атом электр станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар сынды жұмысшылар қажетсінеді. Сондықтан, түлектердің грант иегері атандым деп, өзі қаламайтын, қажеттілігі аз, жұмыс табу қиындығы кездесетін жерлерден бас тартып, сұранысқа ие салада жауапты маман атанудың маңызды екендігін жеткізгім келеді.
Дінмұхамед Мейірханов: «Мемлекет танымалдылығын арттыру қажет»
 – Туризм – қандай елдің де танымалдылық кепілі. Әлемдік экономикада басты рөлге ие. Дүниежүзілік туризм ұйымының деректеріне қарасақ, әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін,халықаралық инвестиция, әлемдікөндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді екен. Әдетте мұндай табыстар ел тұрмысын түзеп, инфрақұрылымын жақсартуға бағытталады. Әлем бойынша туризмнен түскен табыс мұнай мен автомобиль түсімдерінене кейінгі үшінші орынды құрайды. Туризмнің дамуы мен саяхат индустриясы индиксі бойынша Испания, Франция, Германия, АҚШ, Италия қонақтарды көп қабылдайтын елдер қатарына жатса, Қытай әлемдегі туризмге ең көп қаржы құятын ел саналады.
Қазақстанның дап әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуына мол мүмкіндігі бар. Мемлекет алдында Қазақстанды Орта Азия аймағындағы туристік орталыққа айналу міндеті тұр. Бастама жүзеге асса, еліміздің туристік әлеуеті шетелде насихатталып, осы салаға инвестиция құйылмақ.
Қазақстан – түрлі табиғиғи өзгерістері, көрікті орындары, тарихи мекендері бар бірегей мемлекет. Айтайын дегенім, мемлекет танымалдығын арттыратын салаға бөлінген қаржы да, жұмысты жүргізетін мамандар да тапшы. Туризмнің түрлері көп. Туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тәсілдерді қолданатын, ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын меңгерген, дамытудың тұрақты сипатын насихаттауда туристік ағынды өзара ұлғайтуда әлемдік тәжірибелер зерттеліп, айрықша көңіл бөлінуі керек.
Жанат Әжиева: «IT-ші – болашақтың маманы»
Қазір бүкіләлемде цифрлық жүйе қолданысқа енген. Айшылық алыс жерлерден көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызған, Аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге күн жарымда барғызған заманауи мүмкіндік – ғаламтордағы бағдарламалар мен алгоритмдерді құрастыратын маман – айтишылар сұранысқа ие.
Бизнес болсын, медицина, АЭС, білім, туризм, қаржылық мекемелер дейсіз бе, барлығында аталмыш мамандыққа қажеттілік бар. Адам өмірін жақсарту және ісін жеңілдетуге бағытталған айтишылар сараптама жасау, ақпарат жинау, жоспар құру, маңызды міндеттер қою, интерфейс әзірлеп, мақсатты аудиторияларды анықтай алады. Мүмкіндіктерге жол ашатын маман иесі бола отырып, өз жұмыс кестеңізді қалауыңызға қарай түзуге, қосымша міндеттер атқаруға, тәжірибесіз жұмысқа орналасуға мол мүмкіндік бар. Бұл қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Сондай-ақ уақытын өткізіп, денсаулығын тәуекелге тігуді қажет етпейді.
Сондықтан жастардың ағылшын тілін, ақпарат тетігін меңгеріп, болашақты айқындайтын маман иес болғаны дұрыс деген пікірдемін.
Эльвира Қарабалаева: «Кәсіптік білімге қашан да өріс кең»
 – Техникалық және кәсіптік білім беруге елімізде ерекше ден қойылуда. Қоғам қажет еткен жұмысшы мамандықтарын даярлау экономиканың өрістеп, қуаты өндіріс орындарын өндірісінің кедергісіз жүруіне тікелей қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кәсіптік-техникалық білім бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 мың студент тегін оқиды. Жаңа техникалық мамандықтарды таңдаған кезде еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жылдағы қажеттілікті ескеру керек. Бұл үшін Үкімет жаңа мамандықтардың атласын дайындау керек» деген табанды талап қойғаны көптің есінде.
Мәселен, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауы жас мамандырдың шыңдалуына айтарлықтай ықпалын тигізуде. Бұдан жиырма жыл бұрын аталмыш салаға деген көзқарас басқа болатын. Олар біртіндеп өзгеріп келе жатқанына баршамыз куәміз.
Кәсіптік білім иесі жұмыс табу мүмкіндігі мол маман. Мәселен АЭС салыну үшін дәл осы мамандар қызметіне жүгінеді. Аспаз, кондитер, тігіншілік қыз-келіншектер үшін таптырмас мамандық. Ниет пен ықылас болса, қаржылық қиындыққа ұшыратпайды. Сондай-ақ әлеуеті артқан елдің маңызды үдерісінің бірі – құрылыс салу. Бұл бағытта да жұмысшы мамандықтар керек. Ауыл шаруашылығы ісін ілгерілетуде де мамандар тапшы.
Үстіміздегі жыл ҚР Президенті бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып белгіленді. Бұл осындай жаңа бағыттарды айқындап, жүзеге асырылуына атсалысатын мамандар дайындауға бағытталған алғышарт деп білемін.
Дайындаған Алтын МЕЙІРХАНОВА
08 ақпан 2025 ж. 287 0

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728