Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҚС мөлшерлемесін көтеру: Бұл бағаға қалай әсер етеді?

ҚҚС мөлшерлемесін көтеру: Бұл бағаға қалай әсер етеді?

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Елімізде салық жүйесіне жаңа реформа еңгізілмек. Ол қосымша құн салығының (ҚҚС) шегін төмендетуді, бірақ мөлшерлемесін арттыруды, сондай-ақ бөлшек салық бойынша экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) санын қысқартуды көздейді.

Қазір елімізде ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Үкімет оны көтеруді ұсынып отыр. Дегенмен, нақты қанша пайызға көтерілетіні әзірге белгісіз, бұл мәселе әлі де талқыланып жатыр. Ұсынылған өзгерістер қандай себептерге байланысты және олар қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары айтып берді. ана

Өзгерістердің себептері

Экономикалық зерттеулер институтының Фискалдық саясат орталығының директоры Ксения Загалдың айтуынша, ҚҚС шегін төмендетудің бірнеше себебі бар. Бұл – салық жүйесіндегі ашықтықты арттыру және салық базасын кеңейту.

«Қазір Қазақстан салық заңнамасында салықтық жүктемені азайтудың заңды тәсілдері қарастырылған. Алайда кейбір кәсіпорындар заңды айналып өткен, сөйтіп олар ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген. Салдарынан ҚҚС-тың экономикалық мәні бұзылып, оны толыққанды есепке алу механизмі дұрыс жұмыс істемей отыр. Мұндай жағдай салық жүйесіндегі ашықтықтың төмендеуіне, әкімшілік шығындардың артуына және бюджетке түсетін кірістердің азаюына әкеліп соғады, өйткені көптеген компания ҚҚС есепке алу процесіне толық қатыспайды. ҚҚС шегін төмендету салық базасын кеңейтіп, салықтық ауыртпалықтың әділ бөлінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ҚҚС есепке алу тізбегінің үздіксіз жұмыс істеуі оның тиімді мөлшерлемесін 3-4 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», дейді маман.

Оның айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бизнесте қосымша шығындардың пайда болуына әкеледі. Оны жеңілдету үшін Үкімет еңбекақы қорына салынатын салықты айтарлықтай төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл шара компанияларға қаржылық қысымды азайтуға және іскерлік белсенділікті қолдауға көмектеседі.

Баға өсуі мүмкін бе?

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы тауарлардың түпкілікті құнының қымбаттауына әсер етуі мүмкін. Алайда ұсынылып отырған реформаның аясында әлеуметтік көмек, жалақы және зейнетақыны инфляция деңгейіне сәйкес индекстеу қарастырылып отыр. Бұл әлеуметтік осал топтарды қолдап, реформа азаматтарға тигізетін кері әсерді барынша азайтуға болады.

«ҚҚС мөлшерлемесінің артуы инфляциялық қысым тудыруы мүмкін, бірақ бұл қысқа мерзімді әсер болады. Экономика жаңа жағдайларға бейімделіп, ҚҚС-тан түсетін қосымша кірістер нақты секторды дамытуға және бизнесті қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталады», дейді Ксения Загал.

Жаңа ұсыныстардың айырмашылығы неде?

Естеріңізде болса, 2023 жылы ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру ұсынылған. Алайда бұл шешім 2024 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің тікелей бастамасымен тоқтатылды. Осыған байланысты 2025 жылғы ұсыныстардың ерекшелігі қандай деген сұрақ туындайды.

Экономикалық зерттеулер институтының Фискалдық саясат орталығы директорының орынбасары Эльмира Осипованың айтуынша, 2025 жылғы Үкімет ұсыныстары 2023 жылғы ұсыныстардан кешенді тәсіл мен қосымша шаралардың енгізілуімен ерекшеленеді.

«2023 жылы тек ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселесі қарастырылған болатын. Бұл бизнес пен тұтынушылар үшін кері әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық тудырды және мұндай шешімдерді қабылдауда неғұрлым теңгерімді тәсілді қолдану қажеттігін көрсетті. Ал Үкіметтің қазіргі ұсынысы ҚҚС мөлшерлемесін арттырудан бөлек, жалпы салық-бюджет жүйесін жақсартуға бағытталған қосымша шараларды қамтиды. Олардың қатарында – еңбекақы қорына салынатын салықтық ауыртпалықты төмендету, бұл бизнеске түсетін шығындарды азайтуға және ҚҚС-тың инфляцияға әсерін жұмсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек, жалақы және зейнетақыны индекстеу жүргізіледі. Бұл азаматтарды бағаның өсуінен және инфляциялық процестерден қорғауды қамтамасыз етеді», дейді ол.

Алдағы өзгерістер

Экономикалық реформалар енгізілгеннен кейін алғашқы өзгерістер бірнеше ай ішінде байқала бастайтынын айтады мамандар. Сөйтіп бизнес жаңа жағдайларға бейімделіп, 15 миллион теңге шегінен асқан кәсіпкерлердің міндетті түрде ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуі және салықты тоқсан сайын төлеу тәртібі енгізіледі.

«Бюджет тапшылығын толтыруға келетін болсақ, ҚҚС мөлшерлемесін көтеруден түсетін алғашқы кірістер реформа күшіне енген алғашқы тоқсандарда-ақ бюджетке түсе бастайды. Алайда тапшылықты толық өтеу бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бұл көтерілген мөлшерлеменің ауқымына және салықтық-экономикалық шаралардың тиімді енгізілуіне байланысты», дейді Эльмира Осипова.

Оның айтуынша, бұл өзгерістердің нәтижесінде – салық базасының тұрақтануы, бюджеттің қаржылық тұрақтылығының артуы және мемлекеттік кірістердің өсуі. Бұл әсер біртіндеп байқалады, өйткені жүйе жаңа ережелерге бейімделіп, нақты экономикалық пайда әкелетін деңгейге жетеді.
05 ақпан 2025 ж. 57 0

Еңбегі ерен ер еді

04 ақпан 2025 ж. 130

Өз саласының маманы еді

04 ақпан 2025 ж. 124

Ұстаз есімі ұлықталды

04 ақпан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728